Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Нұрай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад" Нурай" города Кокшетау при отделе образования по городу  Кокшетау управления образования Акмолинской области

СоцСети

 

    https://www.instagram.com/p/CH-LQDIluAV9w3OylwDOOSULiyWrfpqYoRR1pE0/?igshid=102me25j5nfwh

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тоқаев, Қасым - Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті

 

Тоқаев, Қасым - Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (17 мамыр 1953 жылыАлматы қаласында дүниеге келген) — Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткері, 2019 жылдың 20-наурызынан бастап әрекет етуші Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы. 2022 жылдың 5-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы.

1999 - 2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының премьер-министрі, 2013-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы.

Өмірбаяны

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі Тоқаев Кемел Тоқайұлы (1923-1986), Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақ жазушысы болған. Анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000), Алматы шет тілдері педагогикалық институтында жұмыс істеген[1]. 1970 жылы Алматы қаласындағы №25 мектепті бітіреді.

Қ.К.Тоқаев 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институт бітірген. КСРО-ның Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өткен. 1983-1984 жылдар аралығында Бейжің лингвистика институтында тағылымдамадан өтті. 1992 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады.[2]

Еңбек жолын 1975 жылы КСРО-ның Сыртқы істер министрлігінде бастап, Кеңес Одағының Сингапур Республикасындағы елшілігіне жұмысқа жолданған. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына оралады.

1984-1985 жылдар аралығында КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарып, кейіннен Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшілігіне жіберілді. Онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарында қызмет істейді.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалады. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болды.

1994 жылы Қазақстанның Сыртқы істер министрі болып тағайындалады.

1999 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болды.

1999 жылғы қазанда Парламенттің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Премьер-Министр болып тағайындалды.

2002 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі болды.

2003-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі. Бұл қызметте жаһандық ядролық қару-жарақты таратпау үдерісіне белсенді атсалысты.

2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып сайланды. 2008 жылы Қазақстан Парламентінің жоғары палатасының спикері ретінде ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті болып сайланды.

2011 жылғы наурызда БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры, сондай-ақ Қарусыздану жөніндегі конференцияда БҰҰ Бас хатшысының жеке өкілі болып тағайындалды. Сонымен қатар Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымын атқарды. ТМД-ның және Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы болып сайланды.

2013 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып қайта сайланды.

2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант қабылдады.

2019 жылы 9 маусымда өткен кезектен тыс Президент сайлауында 70,96 пайыз дауыс жинап, Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 2019 жылы 12 маусымда ҚР Конституциясының 42-бабына сәйкес ант беріп, ресми түрде сайланған Президент ретінде Мемлекет басшысының лауазымына кірісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 20 қарашасында өткен кезектен тыс президент сайлауында 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті. 2022 жылы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Президентін салтанатты ұлықтау рәсімі өтті.

2021 жылы сәуір айынан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы.

2022 жылы қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы.

Қазақстан Республикасының Президенті

2019 жылы 19 наурыз күні Нұрсұлтан Назарбаев халыққа үндеуі арқылы өзінің Қазақстан Президенті ретінде өкілеттігін өз еркімен тоқтататынын мәлімдеді. Мұндай жағдайда ҚР Конституциясына сәйкес, ҚР Президенті болып Сенат Төрағасы тағайындалады. 20 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің міндетін атқарушы ретінде ант қабылдады. Ант қабылдау рәсімінде Тоқаев өзінің алғашқы жарлығымен Н.Назарбаевты Халық қаһарманы мен Еңбек ері атақтарымен марапаттады. Сонымен бірге, елорданың Астана атауын Нұр-Сұлтан деп ауыстыруды және республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының орталық көшелерін Назарбаевтың атымен атауды ұсынды.[3] 2019 жылғы 12 маусымдағы ант қабылдау кезінде сөйлеген сөзінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылатыны жөнінде мәлімдеді. Билік пен қоғамның арасындағы диалогқа шақырды.

Жаңартылған күні: 05.07.2023 15:40
Құрылған күні: 05.07.2023 15:40

Ашық бюджет

Текст