Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Нұрай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад" Нурай" города Кокшетау при отделе образования по городу  Кокшетау управления образования Акмолинской области

СоцСети

 

    https://www.instagram.com/p/CH-LQDIluAV9w3OylwDOOSULiyWrfpqYoRR1pE0/?igshid=102me25j5nfwh

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқарамасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызметін өзін – өзі бағалауы

«Ақмола облысы білім басқарамасының Көкшетау қаласы бойынша

білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 қызметін өзін – өзі бағалауы

Мекеменің атауы

«Ақмола облысы білім басқарамасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Құрылтайшы

«Ақмола облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Бадабақша басшысы

Меңгеруші Жунусова Жанар Жунысбековна

Заңды мекен-жайы:

020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Боровской ықшам ауданы

 62    

Телефон:

Меңгеруші

Әдіскер:

8-(716)2-77-28-30

8-701 470 84 02

8-7078597989

Электрондық почта:

         nurai6-2011@mail.ru       

Балабақшаның  сайты

   http://ds0015.kokshetau.aqmoedu.kz/

Балабақшаның  инстограмы

nuraikokshetau

НОБД

1110100001923

Aa12345*

Интернет жылдамдығы

20 Мб/с

Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасының  жұмыс уақыты

Жалпы топтар сағат 08.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, бес күндік жұмыс аптасы.

 

Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасының  құрылған күні

11.12.2011жыл

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

БИН 111040007517

Жобалық қуаты

220 орын

Алғашқы тіркелген күні

11.12.2011ж.

Материалды-техникалық  базасының   мінездемесі

 

Ғимарат  -  2 қабатты, типтік

Жалпы ауданы –3847,5 ш.м.

Жылу беру жүйесі – орталықтандырылған

Сумен жабдықтау – орталықтандырылған

Канализация – орталықтандырылған

Балабақшаның ақпараттандыру құралдары

Компьютер -9

Ноутбук - 1

Интерактивті тақта – 0

Проектор - 1

Балабақшада

Меңгеруші кабинеті, әдістемелік кабинет, музыка залы, дене шынықтыру залы,  психолог кабинеті, логопед кабинеті, Балабақша ауласында 11 топқа бөлінген жеке телімдері бар. Әр топ телімі балалардың жас ерекшеліктеріне сай қажетті құралдармен жабдықталған. Жабдықталған денешынықтыру алаңы бар.

Сабақтастық

№18,№13 орта мектеп

Мектепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық

Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжі

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеші мамандығының студенттері тәжірибелік практикадан өтеді

Қосымша ақпарат

Балабақшаның бағыты – экологиялық тәрбие.

«Нұрай» балабақшасында 11 топ бар, соның ішінде 2 – логопедттік, ересек топтар 1 – логопедтік мемлекеттік тілде  1– орыс тілінде, 9- жалпы топ бар, балалардың саны-220.

Балалармен тәрбие және оқыту жұмыстары   қазақ тілінде жүреді. Мектепке дейінгі топ тәрбиешілері күні бойы тобындағы күн тәртібіне сәйкес түрлі педагогикалық қызметті іске асырады: таңертеңгі қабылдау, ертеңгілік жаттығу, балалармен қарым-қатынас жасау, серуендеу, тамақтану, күндізгі ұйқы, гигиеналық және шынықтыру шаралары, еңбек, сюжеттік-рөлдік, шығармашылық, дидактикалық және қимылды ойындар, ата-аналармен, жеке балалармен жұмыс, сонымен қатар ұйымдастырылған оқу қызметтері, вариативтік компонент.

   «Нұрай»  балабақшасы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес тәрбие мен білім беру қызметін жүзеге асырады.

Мақсаты: Педагогтардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру жұмысын іске асыруды жаңашыл бағыттағы білім кеңістігін ұйымдастыра отырып, тәрбиеленушілердің білім сапасын көтеру.

1.Бала бақша педагогтарының кәсіби шеберліктерін көтеру.

2.Педагогтардың іс-тәжірибелерін тарату жұмыстарын тереңдету.

3.Коммуникативтілік, креативтілік, сыни ойлау, ынтымақтастық және командада жұмыс істей білу дағдыларын меңгеру;

4. Мектеп жасына дейінгі балаларда салауатты өмір салты қажеттіліктерін қалыптастыру.Тәрбиеленушілерді Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Экологиялық бағыт арқылы қоршаған ортаны қорғауға баулу.

Міндеттері:

1. Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту.

2. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік және жоғары білімі бар педагогтердің үлесін арттыру;

3.Балабақшада тәрбиеленушілердің  қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету;

4. Тәрбиеленушілердің зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету.

5. Тәрбиеленушілердің өз бетінше жұмыс жасай алуына мүмкіндік беру, болашақ көшбасшыларды тәрбиелеу;

6.Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен және заңды өкілдерімен тұлғааралық өзара іс-қимылдарды кеңейту және өзара жауапкершілік қағидаты бойынша ынтымақтастық құру;

7.Ұлттық салт-дәстүрлердің негіздерін қалыптастыру;

8.Ерекше тәрбие мен білім берілуіне қажеттіліктері бар тәрбиеленушілерге жағдай жасауды қамтамасыз ету.

9.Тәрбиелеу мен оқыту үдерісін цифрландыруды жүзеге асыру;

10.Мектеппен үздіксіз сабақтастықты дамыту.

11. Рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру;

Күтілетін нәтиже:

Балабақша үшін – мекеменің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

балалар үшін – әр баланың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес толыққанды сапалы білім алу;

педагогтар үшін – мамандыққа деген қызығушылықты арттыру және кәсіби құзіреттілікті дамыту;

отбасы үшін – баланың денсаулығы мен мектепке кіру кезіндегі сәттілігін сақтау;

Нысаналы индикатор: -3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 % қамту.

-балалардың денсаулығын сақтау және нығайту;

мектепалды даярлық топ балаларын мектепке сапалы дайындау;

-педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, біліктілік арттыру курстарын жалғастыру, түрлі деңгейдегі жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатыстыру;

-педагогтардың санаттарын көтеру;                                                                             

-ұйымдастырылған оқу қызметінде жаңа инновациялық-технологияларды қолдану, диагностикалау;

-латын графикасына көшу шеңберіне педагогтарды арнайы курстардан өткізуді ұйымдастыру;

-ата-анамен балабақша арасындағы қарым-қатынасты арттыру;

-ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысты нығайту (сөйлеу дамуында ауытқушылығы бар балалар)        

-білім ұйымының материалдық-техникалық базасын дамытуға жағдайлар жасау.

 Балабақша туралы жалпы мәліметтер тізімі:

-заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама;

https://cloud.mail.ru/public/PyeP/CfaAme1AK

https://cloud.mail.ru/public/Zj99/9uvfMaGhf

https://cloud.mail.ru/public/6PR5/1og91xh6b

-басшыны тағайындау туралы заңды тұлға өкілінің бұйрығы;

https://cloud.mail.ru/public/1KX4/XoxC9KaBY

-білім беру ұйымының Жарғысы;

https://cloud.mail.ru/public/Nita/7SWo7hw5R

-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

https://cloud.mail.ru/public/guzb/hL6exBf84

https://cloud.mail.ru/public/8Rfi/jmPUnm8nH

 (   1- бөлімнің өзін-өзі бағалау құжаттарына сәйкес сілтеме қоса берілді.)

Педагогтардың 2022-2023 оқу жылының құрамы

Мамандардың сапалық құрамы барлығы:64 қызметкер, оның ішінде 32 педагог

Жоғары білімді -22

Орта арнаулы -11

Жоғары санатты-1

Бірінші -2

Екінші санатты-2

Педагог-сарапшы-1

Педагог-модератор-11

Санаты жоқ -16

2022- 2023 жылы аттестаттаудан 10 педагог өтті, 5 тәрбиеші, 1- музыка жетекшісі, 1-әдіскер педагог-модератор біліктілігін алды. «Нұрай» балабақшасында  МКҚК - да  педагогтар кәсіби шеберліктерін арттыру, тәрбие-білім беру қызметін жетілдіру бойынша жұмыс істейді. Педагогтердің жинақталған материалы қалалық, облыстық деңгейде қорғаудан өтуде. Педагогтердің педагогикалық шеберлігін арттыруда педагогтардің шығармашылық тақырып бойынша жұмысы, жұмыс тәжірибесін жинақтау үлкен маңызға ие.

Балабақшада 11 топта 22 тәрбиеші жұмыс жасайды. Соның ішінде мектепке дейінгі жоғары білімі -3 тәрбиешіде, мектепке дейінгі орта арнайы -6 тәрбиешіде, қайта даярлау «Балапан» мектепке дейінгі бөлім –  тәрбиешіде-13

Қорытынды:22 тәрбиеші -100% көрсетеді

Педагогтардың 2022-2023 оқу жылының құрамы және сапалық тізімі:

кәсіби педагогикалық қызметкерлермен толыққанды қамтамасыз етілуі;

https://cloud.mail.ru/public/NgTX/VG6xMfwBQ

-  құрамның штаттық кестесі туралы мәліметтер.

https://cloud.mail.ru/public/avPR/HtsKk1pb2

 (2- бөлімнің өзін-өзі бағалау құжаттарына сәйкес сілтеме қоса берілді..)

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 тамызда № 29329 болып тіркелді.

Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары

 1-тарау. Жалпы ережелер

       1. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) сәйкес әзiрленген және мектепке дейінгі ұйымдар қызметінiң тәртiбiн айқындайды.

      2. Мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттері:

      1) мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын қорғау;

      2) тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;

      3) сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;

      4) тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен тығыз ынтымақтастықта болу;

      5) ата-аналарға тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын сақтау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету;

      6. Мектепке дейінгі ұйымның негізгі құрылымдық бірлігі жас тобы болып табылады, топтар жас ерекшелігі бір немесе жас ерекшелігі әртүрлі қағидасы бойынша жасақталады.

      7. Жас ерекшелігі бір қағидасы бойынша жас топтарының толықтырылуы:

      1) ерте жас тобы (1 жастағы балалар) – 10 баладан артық емес;

      2) кіші топ (2 жастағы балалар) – 20 баладан артық емес;

      3) ортаңғы топ (3 жастағы балалар) - 25 баладан артық емес;

      4) ересек топ (4 жастағы балалар) – 25 баладан артық емес;

      5) мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастағы балалар) - 25 баладан артық емес.

      8. Жас ерекшелігі әртүрлі қағидасы бойынша жас топтарының толықтырылуы:

      1) топта жас ерекшелігі екі түрлі (1 жастағы балалар, 2 жастағы балалар) балалар болған жағдайда– 15 баладан артық емес;

      2) топта жас ерекшелігі үш түрлі (3 жастағы балалар, 4 жастағы балалар, 5 жастағы балалар) балалар болған жағдайда – 20 баладан артық емес.

Балалардың 2022-2023 оқу жылының құрамының тізімі

https://cloud.mail.ru/public/5BWQ/LDWR79QCV

 (3- бөлімнің өзін-өзі бағалау құжаттарына сәйкес сілтеме қоса берілді..)

      

   Білім беру салаларының және ұйымдастырылған оқу қызметінің МЖМБС талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 394 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – МДТО ҮОЖ) сәйкес.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  оқу жоспары

Рет №

 

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Жас топтары

ортаңғы топ

(3 жастағы балалар)

1

Дене шынықтыру

аптасына үш рет

Дене шынықтыру**

күн сайын

2

Сөйлеуді дамыту  және көркем әдебиет

күн сайын

Қазақ тілі

аптасына бір рет

Қазақ тілі ***

күн сайын

3

Сауат ашу негіздері

-

4

Математика негіздері

күн сайын

5

Қоршаған ортамен таныстыру

күн сайын

6

Сурет салу

 

күн сайын

 

Мүсіндеу

Жапсыру

Құрастыру

7

Музыка

аптасына бір рет

Музыка****

күн сайын

     Ескерту:

* Ұйымдастырылған іс-әрекет - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметттік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы ұйымдастыратын кіріктірілген сабағы.

** Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың физикалық белсенділігіне уақыт бөлінеді.

***Мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар  әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салттары мен дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады.

****Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы музыканы тыңдау, ән айту, әндерді жаттату, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар, шулы балалар аспаптарында ойнау және басқа да музыкалық әрекеттерге уақыт бөлінеді.

***** Арнайы түзетуші іс-әрекет арнайы мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы топтарында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жүргізіледі.

Рет №

 

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Жас топтары

ересек топ

(4 жастағы балалар)

1

Дене шынықтыру 

аптасына үш рет 

Дене шынықтыру** 

күн сайын

2

Сөйлеуді дамыту  және көркем әдебиет

күн сайын

Қазақ тілі  

аптасына бір рет 

Қазақ тілі ***

күн сайын

3

Сауат ашу негіздері

-

4

Математика негіздері

күн сайын

5

Қоршаған ортамен таныстыру

күн сайын

6

Сурет салу

 

күн сайын

 

Мүсіндеу

Жапсыру

Құрастыру 

7

Музыка

аптасына екі рет 

Музыка****

күн сайын

    Ескерту:

* Ұйымдастырылған іс-әрекет - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметттік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы ұйымдастыратын кіріктірілген сабағы.

** Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың физикалық белсенділігіне уақыт бөлінеді.

***Мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар  әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салттары мен дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады.

****Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы музыканы тыңдау, ән айту, әндерді жаттату, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар, шулы балалар аспаптарында ойнау және басқа да музыкалық әрекеттерге уақыт бөлінеді.

***** Арнайы түзетуші іс-әрекет арнайы мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы топтарында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жүргізіледі.

Мектепке дейінгі ұйымдағы мектепалды топқа / мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныпқа арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу жоспары (5 жастағы балалар)

Рет№

 

Ұйымдастырылған іс-әрекет*/

Балалардың іс-әрекеті

Аптадағы  өткізу жиілігі

Аптадағы  нормативтік жүктеме

1

Дене шынықтыру 

 

3 сағат

Дене шынықтыру**

күн сайын

 

2

Сөйлеуді дамыту  

 

2 сағат

Көркем әдебиет 

 

2 сағат

Қарым-қатынас іс-әрекеті

күн сайын

 

Қазақ тілі  

 

2 сағат

Қазақ тілі*** 

күн сайын 

 

3

Сауат ашу негіздері

 

3сағат

 

Қарым-қатынас іс-әрекеті,  танымдық іс-әрекет

күн сайын

 

4

Математика негіздері

 

3 сағат

 

Танымдық іс-әрекет,  зерттеу іс-әрекеті

күн сайын

 

5

Қоршаған ортамен таныстыру

 

2 сағат

 

Қарым-қатынас іс-әрекеті,  танымдық іс-әрекет, зерттеу ісәрекеті, еңбек іс-әрекеті

күн сайын

 

6

Сурет салу

 

 

 

1 сағат

 

Мүсіндеу

Жапсыру

Құрастыру 

7

Шығармашылық іс-әрекет,  бейнелеу іс-әрекеті

күн сайын

 

Музыка

 

2 сағат

Музыка****

күн сайын

 

8

Барлығы

-

20 сағат

         Ескерту:

*Ұйымдастырылған іс-әрекет - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметттік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы ұйымдастыратын кіріктірілген сабағы.

**Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың физикалық белсенділігіне уақыт бөлінеді.

***Мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар  әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салттары мен дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады.

****Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы музыка тыңдау, ән айту, әндерді жаттату, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар, шулы балалар аспаптарында ойнау және басқа музыкалық іс-әрекетке уақыт бөлінеді.

Оқу –тәрбие жұмысы:

Балабақшада тәрбиелеу мен оқыту процесі «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; 2) «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Балабақшада тәрбиелеу мен оқыту процесі 1)    «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – Стандарт) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына;

2)      «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына; 

3)      «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары); 

4)      «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік оқу бағдарламасы);  5) мектепке дейінгі ұйымдар үшін әзірленген, өңірлік әдістемелік орталықтың ғылыми кеңесінде бекітілген және қолдануға ұсынылған білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады. Тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мына бағыттар бойынша: - физикалық дамыту; - коммуникативтік дағдыларды дамыту; - танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту; - шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту; - әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы іске асырылады. Физикалық даму, балалардың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік,

шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-

эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру келесі ұйымдастырылған ісәрекеттерді кіріктіру арқылы жүзеге асырылады:

1) дене шынықтыру (ерекше тәрбиеленушілер үшін бейімделген дене

шынықтыру);

2) жүзу (жүзу бассейні болған кезде);

3) сөйлеуді дамыту;

4) көркем әдебиет;

5) сауат ашу негіздері;

6) қазақ тілі (оқыту басқа тілде жүргізілетін топтарда);

7) сенсорика;

8) математика негіздері;

9) құрастыру;

10) қоршаған ортамен таныстыру;

11) сурет салу;

12) мүсіндеу;

13) жапсыру;

14) музыка.

Стандарт талаптарына сәйкес әзірленген Үлгілік оқу жоспарларында

балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес кіріктірілген ұйымдастырылған ісәрекеттер берілді. Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз

денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз

өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады.

«Дене шынықтыру» ұйымдастырылған іс-әрекеті аптасына үш рет дене

шынықтыру нұсқаушысымен мектепке дейінгі ұйымның кестесіне сәйкес

жүргізіледі.

Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың

физикалық белсенділігіне уақыт бөлінеді, ол қимыл белсенділігі,

денешынықтыру-сауықтыру шаралары (таңертеңгі жаттығу, сергіту сәті,

шынықтыру шаралары), мәдени-гигеналық дағдылар, ойын әрекеті, дербес

белсенді және т.б. әрекеттер арқылы күн тәртібіне сәйкес ұйымдастырылады.

Балалардың дене белсенділігін арттыру үшін қимылды ойындарға соның

ішінде ұлттық қимылды ойындарға басымдық беру және балалардың дербес

қимылды әрекетін таңертең, таңғы астан соң, серуен кездерінде, ұйқыдан соң

өткізу ұсынылады.

Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері

мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды

қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын

меңгертуді, қолдың ұсақ моторикасын және командада жұмыс істеу

дағдыларын дамытуды қарастырады.

Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет, қазақ тілі (мектепке дейінгі ұйым

кестесіне сәйкес аптасына ортаңғы және ересек топта бір рет, мектепалды топта

2 рет) ұйымдастырылған іс-әрекеті қарым-қатынас, заттық әрекет, ойын әрекеті,

еңбек әрекеті, бейнелеу, шығармашылық әрекет (балаларға кітап оқып беру,

кітаптарды, иллюстрацияларды қарау) театрландырылған, дербес және басқа да

әрекет түрлері арқылы күн сайын күн тәртібіне сәйкес ұйымдастырылады.

Балалардың сөйлеуін тек ұйымдастырылған іс-әрекеттерде ғана емес, күні

бойы режимдік сәттерде, еркін ойын кезінде оларға түрлі сұрақтар қою

(сұрақтарды қойғанда «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін жалпы сұрақтар

немесе барлығы қосылып жауабын бірге айтуға арналған сұрақтар емес, әрбір

бала жеке жауап бере алатындай сұрақтар) арқылы, балаларды көбірек

сөйлесуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, олармен кез-келген мәселе

бойынша әңгімелесіп, олардың пікірін тыңдау және т.б. арқылы дамыту

ұсынылады. Балалардың мектепте оқуға дайындығын қамтамасыз ету үшін мектепалды

даярлық тобында Сауат ашу негіздері аптасына екі рет өткізіледі.

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің

қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және

зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады.

Бөбек жасы балалары үшін сенсорика бойынша заттарды, ойыншықтарды

өз бетінше зерттеуіне көңіл бөлінеді, олардың түсін, пішінін, көлемін ажыратып,

салыстыруға баулу көзделеді. Баланың затты немесе ойыншықты ұстап көріп,

зерттеп, өздігінен тәжірибе жинақтауына басымдық беру ұсынылатын

болғандықтан, педагог ауызша сөзбен айтып түсіндіруді барынша жетекші

сұрақтарды жиі қолдану тәсіліне қарай бағыттағаны дұрыс болады.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін математика негіздерін күн сайын

дидактикалық ойындар, танымдық әңгімелер, бейнелеу және құрастыру әрекеті,эксперимент жасау, математикалық мазмұндағы театрландырылған әрекет,әңгіме, дербес және басқа да әрекеттер арқылы ойын түрінде ұйымдастыруғаболады. Мұнда ұйымдастырылған іс-әрекет барысында берілген ұғым, түсініктерді (заттардың түсі, көлемі, пішіні, саны, кеңістікте орналасуы және т.б.) еркін ойында және режимдік сәттерде балалардың жасына сәйкес бекіту, ол үшін сәйкес сұрақтар қойып, балалардың жеке жауаптарын тыңдау, балалардың

математика терминдерін қолданып жауап беруіне, заттарға өз бетінше зерттеу жүргізуіне игерген дағдыларын қолдануына мән беру ұсынылады.

Қоршаған ортамен танысу күн сайын объектілер мен заттарды бақылау

(тірі және өлі табиғат) зерттеу, материалдармен эксперимент жасау, педагогтің сәйкес ақпаратты оқып беруі, кітаптарды және иллюстрацияларды қарау, әңгімелесу, қарым-қатынас, ойын әрекеті арқылы іске асырылады. Мұнда балалардың заттарды қолмен ұстап, зерттеуі, олардың қасиеттеріне талдау жасауы, заттарды қолдануы, туындаған сұрақтарға жауап беруі, өз бетінше сұрақтардың жауабын іздеуі мен табуы, алынған дағдыларды ойында қолдана алуы маңызды.

«Музыка» ұйымдастырылған іс-әрекеті ерте, кіші, ортаңғы топтарда

аптасына бір рет, ересек және мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында

аптасына екі рет музыка жетекшісімен мектепке дейінгі ұйымның кестесіне

сәйкес жүргізіледі.

Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы музыканы

тыңдау, ән айту, әндерді жаттату, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар,

балалар музыка аспаптарында ойнау және басқа да музыкалық әрекеттерге уақыт

бөлінеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандарты мен

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік

оқу бағдарламасының мазмұнында:

1) тәрбиелеу-білім беру процесінің міндеттерін іске асыру;

2) ұйымдастырылған іс-әрекеттің мазмұны;

3) білім беру іс-әрекетін тиімді кіріктіру;

4) сабақтастық принциптерін, тәрбие мен оқытудың үздіксіздігін

қамтамасыз ету;

5) ұйымдастырылған іс-әрекеттің күтілетін нәтижелері қарастырылатын

болады.

 «Жаратылыстану» ұйымдастырылған оқу қызметінің міндеттері

«Қоршаған ортамен танысу» ұйымдастырылған іс-әрекетімен кіріктіріліп,

шешілетін болады.

 Балабақшадағы барлық топтарда бір  вариативтік компонетпен жұмыс жасайды, аптасына 1сағат. Қолданып жүрген әдістемелік нұсқаулықта барлық балалардың жас ерекшіліктеріне байланысты қамтылған.

Вариативтік  компонент

   «Мен және аналадағы табиғат»  1 сағат

Еликова С.Ф.,Вязовая  О. И., Москаленко  Е. А.

Мен және айналадағы табиғат. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде экологиялық білім негіздерін беруге бағытталған іс-шаралар кешені.

«Мен және айналадағы табиғат» экологиялық бағдарламаның негізгі мақсаты балаларды қоршаған ортаны қабылдауға, олардың сезімдерін нұрландыруға, табиғатты түсінуге және оны бағалауға үйрету, табиғатқа деген рақымсыздықпен күресуге көмектесу. 

Экологиялық бағдарламаның талаптары:

•        Сезімдік ортасы арқылы тірі және өлі табиғат обьектілерімен кездесуден қызығушылық пен қуаныш сезімдерін дамыту және тәрбиелеу.

•        Сұлулық сезімі мен ұлы табиғат құбылыстарының бастапқы тәжірибесі негізінде  жалпы адамзат құндылықтары арқылы балалардың табиғатқа деген саналы көзқарастарын қалыптастыру.

•        Адам мен табиғат арасындағы тәуелділік  түсініктерін қалыптастыру.

•        Балалардың имандылық бастауын дамыту, мәдени - экологиялық білімдерін және   өзін - өзі дамытушы, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру.

•        Табиғат және  қоршаған орта факторларының адам денсаулығы үшін маңызын түсіндіру. 

•        Табиғаттың жеке экологиялық заңдылықтарын білу танымдарын қалыптастыру (жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі).

Біздің өлкенің табиғаты – өте қуатты бұлақ, осы бұлақтан бала білім мен әсерді сусындайды. Қоршаған өлі және тірі табиғаттың обьектілеріне деген қызығушылық өте ерте оянады. Балалар өте байқағыш келеді: орман соқпағындағы еңбекқор құмырсқаны, қалың шөп арасындағы кішкентай өрмекшіні де байқап қалады. Балалардың назарын табиғаттың әр маусымы сайын балатын өзгерістері, бояулардың ашықтығы, дыбыстардың, иістердің әртүрлілігі өзіне аударады. Олар өздеріне жаңа әлем ашады: көзге түскен затты қолмен ұстауға, көзбен көруге, иісін сезіп мүмкін болса дәмін татуға тырысады. Сондықтан да біз, ересектер, балаларды табиғатты сүюге, құрметтеуге, қорғауға және оның байлықтарын көбейтуге үйретуді міндеттіміз. Экология – бұл тірі ағзалардың бір - бірімен және қоршаған ортамен қарым - қатынасы туралы ғылым болғандықтан, балалардың табиғатта болатын ғылыми байланыс түсініктерін қалыптастырады.

Балалар табиғи  компоненттердің қаншалықты өзара тығыз байланысты және тірі ағзалардың өмір сүру ортасына байланысты екенін түсінеді.

Адам – табиғаттың ажырамас бір бөлігі болып есептеледі, бұл тәсіл балаларға адам мен қоршаған орта арасындағы мәселелерді жақнырақ білуге көмектеседі.  «Мен және айналадағы табиғат» бағдарламасы бір - бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оны  үш бөлімге бөлуді жөн көрдік.  

Бұл «Тірі табиғат», «Өлі табиғат», «Адам және қоршаған орта».

Бағдарламаның ерекшелігі оның ұйымдастырылуында: әр сабақта балалар педагогпен бірге жайлы жағдайда әр түрлі әдіс - тәсілдер арқылы табиғатпен байланысады. Мысалы: 

- тірі обьектілерімен қарым - қатынас жасау;

- бақылау;

- слайдтарды қарау;

- бейне фильмдерді қарау;

- әуен тыңдау;

- саяхатқа шығу;

- балалардың шығармашылығы: сурет салу, ертегілер құрастыру, көркем әдебиет туындыларын сахналау және т.б.

Педагог әр сабақта балалардың «Эмоциялық бейжайлылығына» жетеді, ол балаларды жағымды сабақтармен қамтамасыз етеді, әр нәрсені қалай және дұрыс істеуді үйретеді. 

Бұл бағдарлама балабақшада, жанұяда балалар мен ересектердің біріккен шығармашылық қызметін болжайды.

«Мен және айналадағы табиғат» бағдарламасы  екі мен жеті жас аралығындағы балаларға арналған. Ұстаным құрылымы топтау. Педагог бір обьеттіге бірнеше рет оралып, балалардың алған білімдерін жаңартып отыруы керек. Педагог сабаққа берілген уақытпен өзінің дайындығын ескере отырып белгілі бір ауқымды әуенмен дайындауы қажет.

Сабақ  интерактивті оқыту әдісіне құрылған және баланы жалпы алғанда тұлға етіп жетілдіруге бағытталған: өзінің бақылауларын салыстыру және тәрбиеленушілердің тілдерін жетілдіріп, ойлау қабілеттерін, шығармашылық мәдени сезімдерін арттырады.  Оқытудың негізгі приоритеті болып, есте сақтау және білімдерін еске түсіру емес, керісінше болып жатқанды түсініп, бағалауға бағытталған. Бағдарламаның есебі бойынша балалар мектеп - бақшадан кетерде келесі түсініктерді білулері керек:

•        әрбір өсімдік пен жануарлардың өсіп дамуы үшін қажетті жағдайлар жиынтығын ұйымдастыру керегін, ал олардың біреуі орындалмай қалса экологиялық тізбек үзіліп, тірі ағза апатқа ұшырайтынын білу қажет.

•        Қазақстаннның Қызыл кітабына еңгізілген сирек кездесетін және жоғалуға жуық өсімдіктер мен жануарларды білуге, өсімдіктерсіз  жер бетінде өмір сүру мүмкін емес екенін, оның арты барлық ағзалардың жер бетінен жойылып кетуіне әкеліп соғады.

•        Жануарларды «пайдалы» және «зиянды» етіп екіге бөлмей, оларға сауаттылықпен қарау керек. Олардан қолдан келген көмекті аямауға міндеттіміз.

•        Мықты және саналы дағдыларын қалыптастыру, туған өлкенің табиғатын қорғауға үлес қосуға үйрету, табиғатқа зиян келтіретін адамдарды тоқтатуға үйрету.  

•        Адам – табиғаттың бір бөлігі, ол табиғаттың сақтығына жауапты.

 

Қорыта келгенде «Мен және айналадағы табиғат» бағдарламасы келесі  компоненттерден құрастырылды:

Танымдық  (үйретуші) - өсімдіктер, жануарлар, адам және қоршаған орта.

Бағалы  –  табиғат адам өмірі үшін қажетті жағдайлардың қайнар көзі (тағам, тыныс, еңбек, демалы, денсаулық, рухани жағдай) қоршаған табиғи ортаға байланысты.

Нормативтік – табиғаттағы мінез – құлықтың нормалары мен ережелері табиғатты қорғау туралы шығарылған заңдар, қорықтардың рөлі, Кызыл кітап.

Іскерлік – табиғат – тиімді пайдалануға бағытталған адамның лайықты еңбек қызметінің обьектісі.

Тәрбиелеуші – адамның табиғаттағы және тұрмыстағы денсаулығы үшін экологиялық сауаттылық және қауыпсіздік тәртіп ережесі. Табиғатты эстетикалық түрде қабылдау.

Перспективалық жоспарды ұйымдастырылған іс-әрекеттер бойынша тәрбиешілер, жас тобында жұмыс істейтін педагогтер (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыкалық жетекшісі) оқу жылы басталғанға дейін жылына бір рет жасайды. Перспективалық жоспарда әрбір ұйымдастырылған іс-әрекеттердің Үлгілік оқу бағдарламасы негізінде бір айға міндеттері айқындалады.

Циклограмманың ұйымдастырылған іс-әрекет бөлімінде  мектепке дейінгі ұйымның кестесіне сәйкес жүргізілетін денешынықтыру, қазақ тілі, сауат ашу негіздері және музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері толтырылады. Бұдан басқа ұйымдастырылған іс-әрекеттер түрлі балалар әрекеттері арқылы күні бойы күн тәртібіне сәйкес толтырылады және іске асырылады. 

Циклограмма әр аптаға құрылады, ол балаларды қабылдаудан бастап, түрлі балалар әрекеттерін, серуенді өткізуді, күндізгі ұйқыны ұйымдастыруды, яғни балалардың үйге қайтуына дейін күн тәртібінің орындалуын қамтамасыз етеді.

Циклограмманың құрылымы күн тәртібіне сәйкес құрылады. 

Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар:

  • аптаның әрбір күніне Перспективалық жоспардағы ұйымдастырылған ісәрекеттердің міндеттеріне сәйкес балалармен өткізілетін әрекет түрлерін анықтау;  
  • әрбір әрекет түрлерін өткізуде бағдарлама мазмұнын жүйелілік пен сабақтастық қағидасын сақтай отырып беру; 
  • балаларды тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық технологияларды, әдістер мен тәсілдерді қолдану;  
  • әрбір балалар әрекетін ұйымдастыру үшін жайлы заттық дамытушы ортаны (орталықтарға бөлу және оның балаларға қолжетімді болуын қарастыру, оның мүмкіндіктерін  барынша қолдану) құру.

Балабақшада оқу-тәрбие үрдісі 1 қыркүйектен 31 мамырға дейін жүргізіледі. қалған апталарда ойындар, ертеңгіліктер, мониторингтер жүргізіледі Педагогтардың цклограммаларында көрсетіледі, барлық апта қамтылады.

Білім беру ұйымы МКҚК  «Нұрай» балабақшасы

Топ «Айналайын» мектепалды тобы

Балалардың жасы 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі  05-09 қыркүйек 2022 жыл

Күн тәртібінің үлгісі

Дүйсенбі

 

Сейсенбі

 

Сәрсенбі

 

Бейсенбі

 

Жұма

 

Балаларды қабылдау

Балалардың жақсы көңіл-күймен кездесуі. Балаларға қолайлы жағдай жасау. Баланың бүгінгі көңіл-күйі, оны не қызықтыратыны туралы әңгіме, баланың жеке пікірін білдіруге кіріспе. (коммуникативті қызмет)

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен баланың денсаулығы, тәрбие, даму және оның жетістіктері туралы әңгімелер; кеңестер

Апта тақпағы

Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен.

Рухани жаңғыру

 

Қазақстан Республикасының бас қаласы –  Астана, республикадағы қалалар

мен  ауылдардың  атаулары,  олардың  көрікті  жерлері,  ауыл  мен  қала  өмірінің

ерекшеліктері

Сөздік жұмыс

(Қазақ тілі)

Балабақша, үй

Қауіпсіз мінез құлық негіздері

Жолда жүру ережелері

Қоғамдық орындарда мінезқұлық ережелерін сақтау

 

Сюжетті-рольдік ойын «Ұқыпсыз жүргінші»

 

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл -ды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Дидактикалық ойын

«Бұл не? Кімге керек?»

Мақсаты: Балабақша қызметкерлері мен қажет құралдарымен таныстыру.

(Танымдық дағдысы)

Біз – өнерлі баламыз. Сөйлем түрлері

Мақсаты: Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолдану. «Мен дәрігер боламын»

 Мақсаты: Балалар бір -бірімен ойнау арқылы өздерін дәрігер сезіне алады.

(Коммуникативтік, танымдық дағдысы)

«Әдемі үйшік»

Мақсаты: Балалар өз еріктерімен  үйшікті  құрастыра алады.

(Шығармашылық дағдысы)

 

 

Мен білетін жақсы сөздер. Сөз

Мақсаты: Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну. Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, тор көз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу.

 

 

Үстел –үсті ойыны:

«Менің балабақшам»

Мақсаты: Түрлі-түсті ағаштар көмегімен балабақшасын құрастыру.

(Танымдық, шығармашылық дағдысы)

 

Таңертеңгі жаттығу

Қыркүйек айындағы таңертеңгілік жаттығулар кешені (қозғалыс белсенділігі, ойын әрекеті) сапқа тұру, жүру,

жүгіру, жалпы тыныс алу жаттығулары.

Таңғы ас

Ойын-жаттығу  «Таза қолдар»

Балалардың назарын тағамға аудару.Мәдениетті  тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс,әдеп ережесі «Тамақ ішкенде сөйлемеймін, құлағыммен тыңдаймын»

Балалардың назарын тағамға аудару, балалардың дастархан басында дұрыс отыруын қадағалау.

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

 «Не артық»

Мақсаты: Суретте көрсетілген артық суретті алып тастап, дәрігерге керекті заттардың суретін қоя алады.

(Коммуникативтіктаным дағдысы)

«Тәрбиеші апайлар» тақпағын мəнерлеп оқу.

Мақсаты: Тақпағын қайталай отырып апайларын жақсы көре алады.

(Коммуникативтіктаным дағдысы)

 

«Теңін тап»

Мақсаты:Балалар екі бірдей заттарды таба алады.

(Танымдық дағдысы)

 «Дүкенші»

Мақсаты: Балалар мағынасын түсініп топтасып ойнауды түсінеді.

(Танымдық дағдысы)

 

«Кім шапшаң»

Мақсаты : Балалар топтасып ойнай алады

(Денсаулық, әлеумет дағдысы)

 

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Сөйлеуді дамыту

Мақсаты:

Айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз дыбыстарды анық айтады;

артикуляциялық жаттығуларды жасауға қызығушылық танытады;

сөздерге дыбыстық талдау жасай алады;

д/о «Жыл мезгілдері»

Мақсаты:Балалардың жыл мезгідері туралы білімдерін бекіту,мезгілдерді атауларын үйрету(қыс,көктем,жаз,күз). Мезгіл өзгерістерін талқылау.

Сауат ашу

Мақсаты: "Сөз" және "дыбыс" терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру

д/о «Қарама-қарсы сөздер» Мақсаты:антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын қарама-қарсы сөздермен молайту, зейінділігін арттыру.

Математика негіздері

Мақсаты: Математикалық терминдерді қолдана білуді, 6 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету.

д/о «Шаршы құрастыр»
Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.

 

Математика негіздері

Мақсаты: Математикалық терминдерді қолдана білуді, 6 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету.

Дид.ойын: «Зат неге ұқсайды?»

Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту. Көркем әдебиет

Мақсаты: Балаларды дауыс ырғағымен мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттауға, балалардың өлең мазмұнына деген қатынасын беруге, тілдік бейнелілігін сезінуге баулу;

Дид.ойын: «Жақсы,жаман»

Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: Табиғатқа қамқорлықпен қарауға, табиғатты сақтауда жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу..

Дид.ойын: «Көлеңкесін тап»                                    

 

Сөйлеуді дамыту

Мақсаты:

Айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз дыбыстарды анық айтады;

артикуляциялық жаттығуларды жасауға қызығушылық танытады;

сөздерге дыбыстық талдау жасай алады;

Дид.ойын: «Сиқырлы суреттер»                                 

Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастырады .

Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданады.

Сауат ашу

Мақсаты: "Сөз" және "дыбыс" терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру

Дид.ойын: «ауызша сөзжұмбақ»                   

Сурет салу

Мақсаты: Гүлдер, көкөністер, жемістерді шынайы бейнесінен қарап отырып  және елестетуі бойынша суреттерін салады;

Дид.ойын: «Артығын тап». Сурет бойынша суреттеп әңгімелеп береді.(Шығармашылық іс әрекет)

 

Қазақ тілі

Мақсаты: Сөздегі дыбыстардың орнын ажыратады.

д/о «Аталған ағаштың суретін тап»

Мақсаты: белгісіне қарай аталған ағашты тез тауып алуға машақтандыру.

Көркем әдебиет

 Мақсаты: Балаларды дауыс ырғағымен мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттауға, балалардың өлең мазмұнына деген қатынасын беруге, тілдік бейнелілігін сезінуге баулу;. 

Дид.ойын: «Жақсы,жаман»

Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: Табиғатқа қамқорлықпен қарауға, табиғатты сақтауда жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу..

Дид.ойын: «Сиқырлы қолдар»                                    

Музыка

Ән айту: Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларда қиын емес әуендерді 2–3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету.

 

Математика негіздері

Мақсаты: Математикалық терминдерді қолдана білуді, 6 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету

  Дид.ойын: «Жұбын тап»                               

Заттарды ені, биіктігі, жуандығы бойынша салыстырады, көлемдерін айтады.

Сауат ашу

Мақсаты: "Сөз" және "дыбыс" терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру

Дид.ойын: «Дыбысты ажырат»                                                      

 (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады

Қазақ тілі

Мақсаты: Сөздегі дыбыстардың орнын ажыратады.

д/о «Көкөністермен жеміс жидектертер»

Мақсаты: Көкөністермен жемістерді бір бірінен ажыратуға үйрету.

есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

 

Серуенге дайындық

Балалалардың серуенге деген қызығушылықтарын туғызу, серуенге ойын құралдарын дайындау.

Серуен

Серуен №3

Қайың ағашын бақылау

Мақсаты: Күзгі қайың ағашын бақылауды жалғастыру;

Қайың ағашының басқа ағаштардан айырмашылығы мен ұқсастығын табуға үйрету

Қимылды ойын: «Допты ұста»

Мақсаты: қағып алуға және келесіге беруге үйрету.

 

 

Серуен №5

Күн — жылу мен жарық көзі

Мақсаты:

күннің жарық және жылу көзі екені туралы түсініктерін қалыптастыру;

ойлау, талқылау, дәлелдеу дағдыларын дамыту;

табиғатқа деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.

Қ/О: «Өрт сөндірушілер жаттығуда»

Мақсаты: қабырғаға өрмелеуге жаттықтыру

 

Серуен №6

Аула тазалаушы еңбегін бақылау

Мақсаты:

күз мезгіліндегі аула тазалаушы еңбегі туралы білімдерін молайту,

аула тазалаушыға қажетті құрал-жабдықтармен танысу

Қ/О: «Қармақ»

Мақсаты: ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу:

 

 Серуен №9

Гүл егілген клумбаны бақылау

Мақсаты:

өсімдіктердің күзгі тіршілігі туралы білімдерін тиянақтау;

кейбір өсімдіктердің дәндерін шашып, қурап үлгергеніне көңіл бөлу;

Күзде гүл ашатын гүлдермен (астра, настурция)таныстыру

Қ/О: «Мені ата».

Мақсаты:ымдау және қимыл арқылы жанурлар бейнесін жасау қабылеттерін дамыту.

 

Серуен №10

Ағаштарды бақылау

Мақсаты:

күз мезгілі туралы  жалпы білімдерін қалыптастыру;

қайың мен терек ағашын діңдері мен жапырақтарына қарап айыра білуге үйрету;

ағаш бөліктері туралы білімдерін тиянақтау  (діңі, бұтағы, тамыры);

туған жердің табиғатын аялауға тәрбиелеу.

Қ/О: «Қасқыр қақпан»

Мақсаты: Жылдамдыққа, ептілікке баулу

 

 

Серуеннен оралу

Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру.

Кім жылы сумен жуынса-өте жақсы сол бала. Кім салқын сумен жуынса –батыр бала ол бала. Ал егерде ол жуынбаса –ештене деп аталмайды ол бала.

 

Түскі ас

Ас мәзірімен таныстыру. Балалардың назарын тағамға аудару, олардың адам денсаулығына пайдасын айту,тамақтарын реттілігімен тауысып ішуге қалыптастыру.

 

Күндізгі ұйқы

Балалардың тыныш ұйқысы үшін қолайлы жағдай жасау«Бесік жырын» тыңдату

 

Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары

Ауа-су ваннасы, шынықтыру шарасы.

Бесін ас

Ас мәзірімен таныстыру. Бір- біріне кедергі жасамай мәдениетті отыруға баулу, балалардың назарын тағамға аудару.

Кесте  бойынша ұйымдастыру

іс-әрекеті.

15.30 – 15.55

 Дене шынықтыру

« Ұшты-ұшты » 

Мақсаты:  Ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын, аңғарымпаздыққа тәрбиелейді.

 

15.30-15.55

Вариативтік компонент

Тақырыбы: «Табиғат дегеніміз не? Тірі және өлі табиғат»

16.00-16.25

Музыка

Музыка тыңдау: Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін, әсерлі реңктерін ажыратуды қалыптастыру.

15.30 – 15.55

 Дене шынықтыру                                                      «Ақ  қоян»

Мақсаты: Балаларды  жылдамдыққа, мықтылыққа баулу.

 

 

15.30 – 15.55

Дене шынықтыру

«Қасқырлар  мен  лақтар»

Мақсаты:  Балаларды  жылдамдыққа, ептілікке  тәрбиелеу.

 

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Ойын тақырыбы:  Шаң, түтін және басқа да газдар ауа. Мақсаты: ауаны ластанудан қорғау қажеттілігі

 Танымдық дағдысы

 

Балалардың қайшыны қолдану біліктерін бекіту: жолақшаларды тікбұрыштар етіп қию.

Тақырыбы:Күзгі бояулар

Мақсаты: Жаңа түстер  алу үшін бояуларды араластыру қабілетін жетілдіру (гуашьпен сурет салу кезінде) және бояуға су қосу арқылы түсті араластыру Шығармашылық дағдысы

 

Тақырыбы: Иіс қайда кетті? Алдын ала иіс су тамшыланған банкеге жүгері таяқшаларын салып оны тығыз қақпақпен жабыңыз. 10 минут өткен соң қақпақты ашқанда сіз иісті сезбейсіз: оны жүзері таяқшаларының кеуек заттары өзіне сіңіріп алды.

(танымдық дағдысы)

Тақырыбы:шкафтарды жинау, киімдерін ретке келтіру

(Әлеумет, мәдени гигиеналық дағдылары)

 

Балалармен жеке жұмыс

Жеке баламен жұмыс:             

Артурға қаламды дұрыс қолдануға үйрету.

 

Жеке баламен жұмыс:                             Аңсарға түстерді ажырата білуге үйрету.

 

Жеке баламен жұмыс:                    М.Аделинаға  құрастыруға деген қызығушылығын арттыру.

 

Жеке баламен жұмыс:                   Жігерге қаламды дұрыс ұстауға үйрету.

 

Жеке баламен жұмыс:                 Байалиға суретті ұқыпты, толық бояу қажеттілігін айтып түсіндіру.

 

Кешкі ас

Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу  бойынша жеке жұмыс.

Серуенге дайындық

Балалардың киіну реттілігін бақылау.

Сыртқы киімдерін ауыстырып киюді қадағалау.

Серуен

Кешкі серуен

Кешкі серуен

Кешкі серуен

Кешкі серуен

Кешкі серуен

Балалардың үйге қайтуы

 Балалардың жетістіктері туралы әңгіме, ата-аналардың баланы тәрбиелеу және дамыту жөніндегі сұрақтарына жауап беру, кеңестер беру

               

Құрастырғандар:

         Тәрбиеші:Курмангожина К.К.

         Дене шынықтыру жетекшісі:  Лесбай А.Б.

          Музыка жетекшісі: Өміралиев Р.Ш.                                                                                                                                                                                                                                    Ұсыныс:                                                                                                             

Әдіскердің қолы

   Қимыл, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік білім, білік, дағдыларын, өз бетінше үйрену дағдыларын, сонымен бірге аталған білім, білік, дағдыларын қалыптастыруда балабақшада 2022-2023 оқу жылы жұмыстар жүргізілді және оқу, тәрбие жұмысы мемлекеттік стандартқа, үлгілік оқу бағдарламасына, оқу жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

 

Оқу-тәрбие үрдісін психологиялық сүйемелдеудің басты мақсаты:   

Балалардың толыққанды психологиялық дамуы және психологиялық денсаулығын сақтау; барлық мектепке дейінгі балалық шақтағы жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әр баланың жеке басын оң қабылдау.

Жұмыс бағыттары:

-баланың эмоционалды-еріктік, танымдық саласын дамыту;

-баланың коммуникативтік саласын дамыту, қарым-қатынастың бұзылу себептерін жою;

-эмоционалды саланың үйлесімсіз дамуын түзету (мазасыздық, балалардың қорқынышы, агрессивтілік, өзін-өзі бағалаудың төмендігі, гиперактивтілік және т. б.);

    МДҰ педагогтары мен ата – аналардың психологиялық-педагогикалық білімін, балалардың танымдық, эмоционалды дамуының әртүрлі нұсқалары және мектеп жасына дейінгі балалардың қиындықтарын жеңу мүмкіндіктері туралы кеңейту.

 Балабақша мен отбасының өзара байланысын неғұрлым тығыз байланыс арқылы жүзеге асыру; бірлескен жұмысты балалардың психикалық дамуы мен жеке басының қалыптасуына бағыттау.

Жұмыстың негізгі бағыттары:

- психодиагностикалық

- түзету-дамытушылық

- психологиялық кеңес беру

- ұйымдастыру-әдістемелік

Балалармен түзету-дамыту жұмыстары жүргізіледі

Түзету-дамыту жұмыстары үшін топтарды қалыптастыру

Балалардың қарым-қатынас, тұлғааралық қарым-қатынас және эмоционалдық саласын дамытуға бағытталған ойындар мен жаттығулар беру.

Балалармен жеке түзету сабақтарын балалар іс-әрекетінің келесі түрлері негізінде құрылады: ойын, өнімді, оқу.

Балабақшаға келген балалармен бейімдеу жұмыстарын жүргізу

Көп жағдайда баланың балабақшаға жаңа келуі оның жаңа жағдайларға бейімделу проблемасымен бірге жүреді. Балада балабақшада теріс көзқарастың пайда болуы оның отбасынан "шығуға" психологиялық дайын болмауының тікелей салдары болып табылады. Бұл мәселе өте маңызды. Балабақшада бейімделу кезеңінің алдын алу үшін келесі іс-шаралар өткізіледі:

-балабақшаға келгенге дейін ата-аналармен жеке әңгімелесу жүргізу;

-топтық жиналыстар;

-әр баланың жеке бейімделуін болжауға және ата-аналар мен топ тәрбиешілері арасында балаға қатысты дұрыс мінез-құлық моделін жасауға мүмкіндік беретін ата-аналардың сауалнамасы;

-әр балаға бейімделу кезеңінде балабақшаға барудың жеке режимін құру;

-бейімдеу кезеңін ұйымдастыру бойынша тәрбиешілерге, ата-аналарға ұсыныстар жасау;

Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты толық 
психикалық дамуын қамтамасыз ету және сақтау – балалардың 
психологиялық денсаулық нығайту. Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата- аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету. Білім алушылардың тұлғасын психологиялық- педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету . Психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылығын  дамыту. Психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру . Балабақша педагогтарымен, ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болу .

  • Баланың  психикалық және  тұлғалық  дамуына ықпал  ету;
  • Балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу  барысында  педагогтерге,  ата-аналарға  психологиялық  кеңестер  беру;
  • Оқыту  мен  тәбиелеу  құндылықтарын  арттыру  мақсатында  баланың  оқу және  тәрбие процестерін  бақылау;
  • Баланың  интелектуалдық  және  жеке тұлға  болып  қалыптасуын  дамыту;
  • Педагогтармен бірлесе жұмыс істеп , баланы жан-жақты дамыту.
  • Балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға арналған психологиялық-педагогикалық жағдайларды қалыптастыру. ( Педагог кадрлармен ата-аналар қауымына СӨС туралы түсінігін кеңейту.)
  • Жеке тұлғаны өзі-өзіне сенімді болу үшін, әлеуметтік өмірге бейімделуінде педагогтар мен ата-аналардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру. Балалардың балабақша өміріне тез бейімделуіне көмек көрсету. 
  • Жеке тұлғалық, эмоциялық, ақыл-ойын дамыту бойынша диагностикалық түзету жұмыстарын өткізу.
  • Іскерлік ойындар, тренингтер, жеке кеңестер беру арқылы ата-аналардың психологиялық-педагогикалық деңгейін көтеру. 
  • Әкімшілік, педагогикалық кеңестерге қатысу, педагогтарға, ата-аналарға жеке және топтық кеңестер беру арқылы тәрбиелік оқу жүйесіне психологиялық қолдау көрсету.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін жаңа мектеп жағдайларына бейімделу процесі, ойыннан оқу іс - әрекетіне көшу, "мен оқушымын!"деу, өте қиын. Алғашқы кезде тіпті дайындалған балалар да қиындықтарға тап болады. Балаларға жаңа мектеп жағдайларына бейімделуге көмектесу үшін балабақша мектеппен бірге іс-шаралар, ата-аналарға арналған кеңестер, мерекелер, жарыстар, ойын-сауық кештерін өткізеді. Балалардың мектепке дайындық ерекшеліктерін уақтылы анықтау ата-аналарға, тәрбиешілерге баланы мектепке баруға қалай жақсы дайындау керектігі туралы практикалық ұсыныстар беруге, дұрыс жеке көзқарас табуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта бөбекжайда танымдық процестердің даму деңгейін анықтауға, баланың мектепке дайындығына жан-жақты психологиялық-педагогикалық тексеру құрылды, ол әр баламен жеке жүргізіледі.  Мектепке дайындық топтары балаларының психикалық дамуын жүйелі тексеру жылына екі рет: оқу жылының басында және соңында. Желтоқсанда – түзету жұмыстарын жүргізу қорытындылары бойынша аралық диагностика жүргізіледі. Сонымен қатар, ата-аналар мен тәрбиешілер үшін практикалық кеңестер мен сауалнамалар өткізіледі. Балалардың эмоционалды-позитивті қатынастарды дамытуға, топтың микроклиматын жақсартуға, ата-аналармен сенімді қарым-қатынас орнатуға ықпал ететін қарым-қатынасын диагностикалау жүргізіліледі.

    Қызметкерлермен және ата-аналармен консультативтік және диагностикалық жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстары, сауалнамалар, тренингтер, әңгімелесу, кеңес беру.

    Қорытынды: оқу процесін психологиялық қолдаудың оң нәтижелерін қарастыруға болады:

 ата-аналардың, қызметкерлердің балабақша мен отбасының бірлескен қызметіне қызығушылығын арттыру, топ, балабақша өміріндегі белсенділікті арттыру;

 мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелерінде балабақша мен отбасының сенімді іскерлік қатынастарын, ынтымақтастығын және әріптестігін әзірлеу;

Балалардың мектепке дайындық деңгейін арттыру, коммуникативтік дағдыларды, балалардың әлеуметтік белсенділігін дамыту.

      Балалардың жыл бойы алған білімдерін педагог-психолог Т.К.Каудинова  интеллектуалдық бағытын анықтау және жеке тұлғалық даярлық бағыттары жағынан мектепке дайындықтарын тексерді.

Балабақшада мектепке даярлық көп компонентті білім. Бұл психологиялық тексеруді қажет етеді. Мынадай компоненттерді бөліп көрсетуге болады.

Баланың жеке басының дайындығы. Баланың жаңа социалды ортаны қабылдай алуына  дайындығы, оқуының жағдайы, оның құқығы мен міндетін білу. Бұл дайындық баланың мекпетке деген қөзқарасын көрсетеді және оқу әрекетіне мұғалімге, өзіне деген қөзқарас білдіреді.  Баланың оқуға  деген дайындығын, баланың, мектептің сыртына қызығушылығына емес, оның жаңа білім алуына мүмкіншілігінің болуына танымдық қызығушылығынан байқалады. Болашақ оқуы өзінің тәртібін меңгеруі, танымдық әрекетін басқара білу тиіс. Осындай баланың оқуға деген басты себептері болуы мүмкін.

Интелектуалды дайындық.  Баланың дүниетанымы дамыған нақты қанша білімі бар екенін ескертеді. Баланың қабылдай білуі, үйренетін тақырыптың теориялық элементтерін білу, логикалық ойлау білу және  ойын еске сақтай білуі.

Қабылдау.

Аналитикалық ойлау.

Нақты қатынас жасау.

Логикалық есте сақтай.

Білімге деген қызығушылық.

Сөйлей білуі, символдарды түсіну, қолының қимыл қозғалысының дамуы.

Әлеуметтік психикалық дайындық.  Басқа баламен тіл табысуы, қарым-қатынас жасауы. Жаңа ортаға келғен баланың емін-еркін қатынас жасай білуін ескерту. Психолог баланың даярлығын тексеруде әр түрлі әдіс-тәсілдер жүргізеді, Кернің тесті  бойынша мектепке даярлығын тексеруге болады. Тест үш тапсырмадан тұрады.

Сурет салу -елесі бойынша.

Жазу - әріпіне ұқсап жазу.

Нүктелерді  көшіріп жазу.

Диагностикадағы тапсырмалар:

Суретте қандай заттар жасырынғанын айтулары

Суреттерді салыстыру,

ертегіні, мақалдардыайтуы.

 Суреттерді есіңе сақта

Тура кері санау. Жыл мезгілдері .

Құзіретілік көрсеткіштері

Қабылдауы .Зейіні .Ойлауы. Есте сақтауы. Қиялдауы.

Мектепалды даярлық топ балаларын мектепке дайындауда ата-аналармен қашықтықтан жұмыс жасау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар түсінушілікпен қарап, балаларды тәрбиешілермен бірге дайындауға өз үлестерін қосатынын білдірді. Ашылған чаттар арқылы тәрбиешілер бейнесабақтарын жіберіп, балалармен жұмыс жүргізді.Тәрбиешілер кері байланыс арқылы бүгінгі тақырып бойынша балалардың қаншалықты  берілген тақырыптарды түсінгенін қадағалап отырды.

Қортынды: Бүлдіршіндердің интелектуалды бағытта даму деңгейлерін оқу-тәрбие барысында дамыту. Білім беру  психодиагностика педагогикалық мәселелермен тығыз байланыста бола отырып, педагогикалық ықпал етудің неғұрлым тиімді амалдары мен қолайлы психологиялық жағдай тудырудың жолдарын қарау.

 Жеке бағытта даму деңгейлерін ата-аналармен бірлесе отырып оқу жылының аяғына дейін балаларға үйрету. Балалармен жеке жұмыстар жүргізу. Балалардың зияткерлік, ойлау қабілеттерін дамыту.

Жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды әзірлеу кезінде баланың ерекшеліктерін ескере отырып ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуда инклюзивті білім беру талаптарын орындау (бағаланатын кезеңге жеке оқу жоспары мен жеке бағдарламаның көшірмелері қоса беріледі);

 2022-2023 оқу жылында    психикалық  дамуындағы  тежелген балаларға арналған  перспективтік жоспар  мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың  2007 жылғы  27 шілдедегі «Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына; 3) «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 394 бұйрығына бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары); 4) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік оқу бағдарламасы); 2022-2023оқу жылында тәрбиелеу –білім беру процесін ұйымдастыру туралы нұсқау хаты,

сәйкес әзірленді.

  Перспективалық жоспарды арналған оқу жылына  құрылған.

   Жоспар  мектепке дейінгі жастағы баланың дене және психикалық

денсаулығын нығайтуға, оқытудың тәрбиелік, түзетушілік және білім беру

міндеттерінің тұтастығын қамтамасыз етеді.

Ой-өрісті дамыту

 

•  Текшедегі суреттерді , бөліктерге қиылған суреттерді құрастыру

•  Заттарды бір белгісі бойынша  жинақтау

•  4-ші  артық  затты  тап

•  Суреттің  атауы қандай?

•  Заттың белгілерін табуға жұмбақтарды жасыру

Зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту

•  6  зат көлемінде «Не өзгерді?» «Не жоқ?» ойындары арқылы дамыту

•  «Кім шақырды?» «Не шақырды?» «Қандай дыбысты естідік?» ойындары

•  Құрастырмаларды  тақырып бойынша жинау

•  Тақпақ, мақалдарды   жаттау.

Математикалық ұғымдарды  қалыптастыру

•  5 ке дейін дұрыс және кері санау

•  Сандық қатардан орнын табу

•  Сандармен  танысу

•  «Көп  аз ұғымдарын қалыптастыру

•  5 көлемінде заттарды санау

•  Заттарды санмен сәйкестендіру

•  5 көлемінде есеп шығару

•  2,3 және 4 сандарының құрамы.

•  Жыл мезгілі бойынша ай аттарын  атау.

•  Апта күндерін атау.Демалыс күндерін білу.

•  Тәуліктің  бөліктерін танытып қалыптастыру    

Жазуға  дайындық:

•  Қарындашты қолда ұстатып үйрету

•  Дәптерде  кеңістікті   бағдарлауға үйрету

• Жолақ  дәптерге  таяқшаны  жоғары және төмен жағына жазып үйрету

Коррекциялық-түзету жұмысы «Нұрай» балабақшасында қыркүйек айынан басталып жүргізілді.  Қыркүйек айының 2-16-ның аралығында жалпы балабақшаның балаларымен диагностикалау жұмысы жүргізіледі.

   Сонымен қатар балабақшада қыркүйек айынан бастап тіл кемістігімен қатар психикалық дамуы  тежелген балалары үшін дефектолог маманы жұмыс істейді.

    Құжаттармен жұмыс жасалып, жоспар құрып балабақша әкімшілігімен бекітілді. Белгіленген жоспар бойынша жас ерекшеліктеріне,тіл ақауларына байланысты жеке және топшамен балаларға коррекциялық көмек көрсетілді. Әр балаға жеке зерттеу картасымен сөйлеу карталары толтырылды. Коррекциялық көмек көрсету барысында топтың тәрбиешілерімен, ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізілді. Тәрбиешілерге топшамен және жеке балалармен дамыту жұмыстарын жүргізуге апта сайын бағыт беріп отырылды. «Тәрбиеші мен логопед арасында өзара байланыс» дәптері жүргізіліп отырды.Күнделікті қажеттілігіне қарай ата-аналармен пікір алысып, кеңес берілді. Логопедтік үй жұмысын орындау тапсырмалары жүргізіліп, ата-аналар балалармен бірге  лексикалық тақырыптар бойынша және жеке дамыту тапсырмалары орындалады.

     Оқу жылының басында кабинетті керекті көрнекіліктермен жабдықтандырылады. Жұмыс барысында күнделікті ұйымдастырылған оқу-қызметіне қажет көрнекіліктер қоры толықтырылады.

   Балабақшада тіл кемістігінің түрлерімен қатар, ПМПК қорытындысы бойынша психикалық дамуы тежелген  бала да тіркелген.

  2022-2023 оқу жылында балабақшада ересектер екі логопедтік топ жұмыс жасады. Ересек №2«Камажай» логопед тобына жылдың басында 12 бала, ересектер №1«Айголек» логопед тобында 12 бала ПМПК жолдамасымен қабылданып, коррекциялық түзету  жұмысының нәтижесінің қорытындысы бойынша  жас ерекшелігіне сай топтарында тәрбиеленіп жатыр.

 Логопед топтары жұмыс  оқу  жоспары  төмендегі  құжаттарға  негізделе  отырып  жасалған:

   Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің 2016 жылдың 22 маусымындағы №391 бұйрығымен  бекітілген Мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына  негізделген.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы  №604 бұйрығымен бекітілген  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, 2-6(7) жас жалпы сөйлеу тілі дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеудің арнайы (түзету) оқу бағдарламасына сәйкес  ұйымдастырылды.

   Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, білімділік міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етеді.

   Логопед балалармен    бірінші жарты күнінде жұмыс істейді. Сонымен қатар бір аптада  4  сағат   арнайы түзеу оқу қызметі  жүргізеді. Сөйлеу тілінің дамуы мен оның бұзылуын түзету және сақтандыру логопедиялық ықпал жасау барысының негізгі бағыты болып есептеледі. Баланың тілін дамытуда ауыз әдебиетінің (ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңыртпаштар) алатын орны ерекше. Логопедтің  перспективтік жоспарында:

 -фонетикалық түсініктерін дамыту; -жалпы, ұсақ моторикаға жаттығу;

-диактикалық ойындар;

 -сөздік;

 -байланыстырып сөйлеу  қамтылған.

 Артикуляциялық аппарат мүшелерінің қимылдарын қалыптастыру жұмысы негізінен артикуляциялық гимнастика арқылы іске асырылады. Оқу қызметінде дайындық кезеңі, дыбысты қою кезеңі, дыбысты машықтандыру кезеңі, дыбыстарды ажырату кезеңі қолданылады. Ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді, әр ата-анаға жеке кеңестер беріледі.

Міндеті:

балалардың  психикалық, физикалық және физиологиялық бұзушылығына диагностика жүргізеді;

- көрінген бұзушылықтың құрылымын және деңгейін анықтайды;

- бұзылған функцияларды қалыптастыру бойынша жеке және топтық түзетулерді жүзеге асырады;

- ерекше қабілеті бар балаларды әлеуметтендіруге ықпал етеді;

- дамуында ауытқушылықтары бар балаларға көмек көрсетудің арнайы әдістері мен жолдарын қолдану бойынша педагогикалық қызметкерлерге, ата-аналарға кеңес береді.

    Логопед мұғалімі 2-6 (7) жас жалпы сөйлеу тілі дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеудің арнайы (түзету) оқу бағдарламасымен жұмыс жүргізеді.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың

сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балалар үшін  оқу жоспары

 

Рет 

Ұйымдастырылған іс-әрекет*

Жас топтары

ортаңғы топ

(3 жастағы балалар)

ересек топ

(4 жастағы балалар)

1

Дене шынықтыру

аптасына үш рет

аптасына үш рет

Дене шынықтыру**

күн сайын

күн сайын

2

Сөйлеуді дамыту  және көркем әдебиет

күн сайын

күн сайын

Қазақ тілі 

аптасына бір рет

аптасына бір рет

Қазақ тілі ***

күн сайын

күн сайын

3

Сауат ашу негіздері

-

-

4

Математика негіздері

күн сайын

күн сайын

5

Қоршаған ортамен таныстыру

күн сайын

күн сайын

6

Сурет салу

 

күн сайын

 

 

күн сайын

 

Мүсіндеу

Жапсыру

Құрастыру

7

Музыка

аптасына бір рет

аптасына екі рет

Музыка****

күн сайын

күн сайын

8

Арнайы түзетуші іс-әрекет*****

күн сайын

күн сайын

9

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

аптасына үш рет

аптасына төрт рет

Сөйлеуді дамыту

аптасына екі рет

аптасына үш рет

Дыбыстап айту

аптасына бір рет

аптасына бір рет

       Ескерту:

* Ұйымдастырылған іс-әрекет - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметттік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы ұйымдастыратын кіріктірілген сабағы.

** Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың физикалық белсенділігіне уақыт бөлінеді.

***Мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар  әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салттары мен дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады.

****Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы музыканы тыңдау, ән айту, әндерді жаттату, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар, шулы балалар аспаптарында ойнау және басқа да музыкалық әрекеттерге уақыт бөлінеді.

***** Арнайы түзетуші іс-әрекет арнайы мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы топтарында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жүргізіледі.

 Оқу-әдістемелік жұмыс бойынша қосымшалар:

- бағаланатын кезеңдегі әзірленіп, бекітілген жылдық жұмыс оқу жоспарлары мен ұйымдастырылған іс-шаралары;

https://cloud.mail.ru/public/NBGu/FjVteSE5p

https://cloud.mail.ru/public/VSSW/xnKGtY7Fx

https://cloud.mail.ru/public/nsmp/LvYN1NjSi

- бағаланатын кезеңдегі әзірленіп, бекітілген ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жеке оқу жоспарлары(педагог-психолог, логопед,тәрбиешілер) ;

https://cloud.mail.ru/public/B9Wi/5KwZUshVe

https://cloud.mail.ru/public/Vm8C/yS7VC8mYm

- бағаланатын кезеңдегі әзірленіп, бекітілген  вариативті бағдарламалар (тәрбиешілер);

https://cloud.mail.ru/public/VSSW/xnKGtY7Fx

https://cloud.mail.ru/public/vuNK/8tuLJr5wC

- Бағаланатын кезеңдегі ұйымдастырушылық қызметтің перспективалық жоспары (педагог-психолог, логопед,тәрбиешілер) ;

https://cloud.mail.ru/public/2VPL/SumJ9f1RD

-   Бағаланатын кезеңдегі педагогтар мен тәрбиешілер, логопед, педагог-психолог  тәрбие-оқу процесінің циклограммалары.

https://cloud.mail.ru/public/32Ck/YihYnnmzZ

(4- бөлімнің өзін-өзі бағалау құжаттарына сәйкес сілтеме қоса берілді..)

«Нұрай»  балабақшасы мектеппен сабақтастығы

Жыл бойы «Нұрай» балабақшасы жанымызда орналасқан Көкшетау қаласының №18,13,11 орта мектебімен өзара сабақтастық жүргіземіз.  2021-2022 оқу жылында Көкшетау қаласының №18,13,11 орта мектеппен өзара сабақтастық жоспары құрылды. Осы жоспар бойынша жоспарланған жұмыстар жүргізілді.

Мектепалды даярлық топ балаларының мектепке даярлығының диогностикасы алынды.

   Балабақша мен мектептің бірлескен жұмысының басты мақсаты - мектепке дейінгі, бастауыш мектеп жасындағы кезеңдерде баланы дамытудың бірыңғай желісін жүзеге асыру, педагогикалық процеске тұтастық, дәйекті сипат беру.

Балабақша мен мектептің педагогикалық ұжымдары көптеген жылдар бойы жемісті іскерлік қарым-қатынас орнатып келеді. Өзара бару, бақылау және педагогикалық процесті талдау дәстүрге айналды. Балабақша мен мектеп мұғалімдерінің жұмысына жалпы қызығушылық, мақсаттылық жақсы нәтижелерге әкеледі. Сонымен қатар, балалар, әдетте, тұрғылықты жері бойынша мектепке барады.

     Балабақшаның педагогикалық ұжымы бірінші сыныпқа баратын балалардың ойлауды, проблемалық жағдайларды шешуді, жан-жақты дамуды, бағдарламаның негізгі пәндері бойынша сапалы білімді, психологиялық тұрғыдан үйренуі үшін бәріне жасайды.

    Тәрбиешілер мектеп жасына дейінгі балалардың білімдері мен дағдыларын бағдарламаға сәйкес білім деңгейлерін мектеп мұғалімдеріне, балабақшаның әдістемелік бірлестігіне арналған ашық сабақтарда көрсетеді. Балалар қалалық байқауларға, сайыстарға, іс-шараларға белсене қатысады.

   «Физикалық қасиеттер», «Комуникативтік», «Танымдық зияткерлік», «Шығармашылық-зерттеу», «Әлеуметтік-эмоционалды»қасиеттер бойынша бағдарламалық материалды игеруді, білімді меңгеруге, балаларды психологиялық-педагогикалық тексеруді талдау нәтижелері бойынша қорытынды жасауға болады: балалар мектепке дейінгі дайындық бағдарламасы бойынша жақсы білім қоры бар, мектепке барады. Түлектер мектепте оқуға, мұғалімдермен, жаңа балалармен кездесуге психологиялық тұрғыдан дайын. Олар 1 қыркүйекте бірінші сынып оқушылары болатынын түсінеді және бұл оларға жаңа міндеттер жүктейді және жаңа құқықтар береді. Балалар көпшіл, өз көзқарасын білдіре алады, проблемалық мәселелерді шеше алады, құрдастарымен байланыс орната алады және т. б. Мектепалды даярлық топтарында ұйымдастырылған «Мектеп» сюжетті-рөлдік ойын бұрышы балалардың мектеп туралы білулеріне үлкен үлес қосады.

Мектепалды даярлық топ балалары үшін орта құру.

Тақырыбы: «Мен оқушы боламын»

  

               №9 «Бәйтерек» мдт   

                                  

        №4 «Өнер» мдт   

                         

Мектеппен сабақтастық

Тақырыбы

Уақыты

Жауаптылар

Қортынды.

1

Балабақша мен мектеп арасында өзара сабақтастық жоспарын құру

2022 ж. Тамыз

Касенова К.З.

Жоспарды бекіту

2

Көкшетау қаласының №18,№13 мектебімен өзара қарым-қатынас келісім-шартын жасау

2022 ж. Тамыз

Жунусова Ж.Ж.

Касенова К.З..

Келсім шарт бекіту

3

Бастауыш мектептегі «Ашық есік күндері»

2022 ж. Қазан

Мектепалды даярлық  топ тәрбиешілері

Қатысу

4

Балалардың мектептегі музейге саяхатын ұйымдастыру

2023 ж. Ақпан

Мектепалды даярлық  топ тәрбиешілері

Саяхат жасау

5

Дөңгелек үстел «Балабақша және мектеп – өзара серіктестік жолында»

2023 ж. Наурыз

Мектепалды даярлық  топ тәрбиешілері

Ұсыныстар шығару

6

Суреттер көрмесі «Мен мектепке барамын»

2023 ж. Сәуір

Ересек  топ тәрбиешілері

Көрме

7

1 сыныпқа баратын балалар тізімін жасау

2023 ж. Мамыр

Касенова К.З.

Тізімді бекіту

8

Мектепалды даярлық топ ата-аналарына арналған сауалнама «Мектепке баруға дайынсыз ба?»

2023ж Сәуір

Каудинова К.Т

Меңгеруші жанындағы отырыста ақпарат

9

Мектепалды даярлық топ балаларының мектепке даярлығының диогностикасын жүргізу

2023 ж. Мамыр

Каудинова К.З.

Педагогикалық кеңесте есеп

10

Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық жоспарын іске

асыру бойынша өзара

ұйымдастыру оқу қызметіне қатысу.

 

2023ж Сәур

 

Даярлық топ тәрбиешілері

Сабақтарға қатысу

11

Мектеп мұғалімдері мен даярлық топ ата-аналарымен жиналыс өткізу

2023ж Сәуір

Даярлық топ ата-аналары тәрбиешілер

Жиналыс

12

Түлек картасын толтыру

2023ж Сәуір-Мамыр

Даярлық топ ата-аналары тәрбиешілер

Отырыста ақпарат

     Балабақша «ТРИЗ», «Денсаулық сақтау»  технологиясының элементтерімен жұмыс істеп келеді.  

       Балабақша жұмыс жасайтын негізгі бағыты: «Экологиялық бағыттағы тәрбие» болғандықтан вариативтік компонентімізде «Жас эколог» тақырыбында  экологиялық бағытта жұмыс жұргізелетіндіктен экологиялық тәлім-тәрбие беру басты мақсаты болып табылады.Балабақшаның экологиялық білім беру жүйесі бақша ұранымен жүзеге асады. «Табиғатты қорғау-болашақты қорғау».Балабақшадағы экологиялық білім мен тәрбие берудің негізгі қағидалары:

1.Адам қолайлы ортада өмір сүруге,ол үшін экологиялық білімді қалыптастыру арқылы рухани ізгілік пен заңдылыққа сүйенетін, жер бетіндегі қорғап сақтайтын экологиялық апаттарды болыдырмай,жерін, елін сүйетін саналы тұлға тәрбиелеу.

2.Ұстаздарға –білім беру барысында табиғатпен экожүйенің даму заңдылықтарын ұғындыра білу мен қатар экологиялық саналы тәрбие беру.

3.Экологиялық білім беру үзілмей жалғасын тауып жүруі тиіс;

4. Экологиялық білім жүйелі түрде жүргізіліп әр түрлі тәсілдерді жанжақты –қолдана отырып үнемі жетілдіріп отыруы тиіс.

   Жылдық жұмыс жоспарында балабақшада жыл бойына жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстары жылдық міндеттерді басшылыққа ала отырып жоспарланған.

  Заман талабына сай жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерімен толықтыру мақсатында материалдық базаны нығайту және жаңа технологияларды оқу үрдісіне кіргізу, технологиямен жұмыс жасап жатқан педагогтардың жұмыстарын жалғастырамыз.

  2022-2023 оқу жылында тәрбиешілер және арнайы пән мамандармен жылдық жоспарға сүйене отыра біршама жұмыстар жүргізілді.

    Әр мерекеге байланысты ертеңгіліктер мен тақырыптық сабақтар, ойын-сауық кештер, спорттық ойындар өтіп отырды.

     Баланың жан-жақты дамуы, тәрбие мен оқудың негізі- мектепке дейінгі ұйымдарда қаланады. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру саласында сапаны жақсартуға аса көңіл бөлу керек. «Ойлау негіздері, ақыл - ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар бала кезден қалыптасады».

Балабақшада : креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істеуге басты назар аударылуда.

Креативтілікті, коммуникативтілікті, сыни ойлауды және командада жұмыс істей білуді дамытуға бағытталған әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда балабақшада  педагогтары жұмыс жүргізеді, ақпараттық құралдардан ізденуде. Әр педагог өзінің ҰІӘ жаңа инновациялық технологияларды, әдіс-тәсілдерді қолдануда. Ертегілерді түрлендіріп, театр түрлерін қолдануда. Балалардың жұмыстарын күнделікті көрме арқылы ата-аналарға көрсетеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұлттық салт- дәстүрлер мен жалпы адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру бойынша балавбақшада жылдық жоспар құрылды. Тәрбиешілер күннің екінші жартсында әрбір жұма күні жоспарға сәйкес өткізеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында патриоттық тәрбиеге байланысты жүргізілетін жұмыстар жоспары

2022-2023 оқу жылы

Мақсаты:

Бүлдіршіндерді ұлттық құндылықтарға баулу арқылы патриоттық сезімдерге тәрбиелеу.

Міндеттер:

-Балаларды мейірімділікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;

-Ұлтжанды болып өсуге ынталандыру;

Мақсаты: Бүлдіршіндерді ұлттық құндылықтарға баулу арқылы патриоттық сезімдерге тәрбиелеу.

Міндеттер:

Балаларды мейірімділікке,сыпайлыққа тәрбиелеу:

Ұлтжанды болып өсуге ынталандыру.

Тақырыбы

Мерзімі

Жауаптылар

 

Менің сүйікті қалам

Оқу жылы барысында

тәрбиешілер

1

«Бабалар өмірі-ұрпаққа өнеге»

(Балаларды халық кемеңгерлерімен таныстыру, насихаттау)

Қазан

 мектепалды даярлық топтарда имандылық оқу қызметі)

2

«Мемлекеттік рәміздерді оқып үйрену, насихаттау жұмыстары

Оқу жылы барысында

Суреттер байқауы, тақпақтар жаттау

3

«Тәуелсіздік-елімнің тілегі»

Желтоқсан

тәрбиешілер

4

«Ата заңым-айбыным»

Тамыз

Тақырыптық сабақтар

5

«Мақал-мәтел» арқылы бала тілін дамыту

2023ж Қаңтар

Педагогикалық ұжым

6

«Қазақ халқының салт-дәстүрлері»

Мамыр

Орыс тілі мұғалімі

7

«Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні» сап түзеу

Мамыр

Педагогикалық ұжым

8

«Тәуелсіздік-елімнің тілегі»мерекесіне арналған ашық іс-шаралар ұйымдастыру.

Желтоқсан

тәрбиешілер

«Нұрай» балабақшасында Рухани жаңғыру» бағдарламасының насихаттауда бұрыштамалар тақырыпқа сай жабдықталды.

      

  2022-2023 оқу жылында тәрбиешілер және арнайы пән мамандармен жылдық жоспарға сүйене отыра біршама жұмыстар жүргізілді.

    Әр мерекеге байланысты ертеңгіліктер мен тақырыптық сабақтар, ойын-сауық кештер, спорттық ойындар өтіп отырды.

  2022-2023 оқу жылы барысында мекемеде 1-қыркүйек  Білім күніне арналған тақырыптық сабақтар  ұйымдастырылды.  Қазақстан халықтарының тілдері онкүндігіне байланысты «Ана тілін қадірлеу-әр азаматтың перзенттік парызы» тақырыбында балабақшада  іс-шаралар ұйымдастырылды.

 Қазан айының алғашқы күндерінде мекемеде мұғалімдер күніне арналған іс-шаралар жүргізілді.   «Ұстаз деген -ұлы есім» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылды. Мекемеде «Қарттарым асыл қазынам»  тақырыбында  мәдени іс-шаралар жүргізілді. Мектепалды даярлық топтары ата-әжелерді қонаққа шақырып, мерекемен құттықтап  ән-шашуларымен, билерін арнады.

    Күз мерекесіне байланысты мекемеде  «Алтын күз» көрмесі ұйымдастырылды, әр топта ертеңгіліктер өткізілді. Ертеңгілікте қонаққа «Күз ханшайымы» келіп өзінің өнерімен, молшылығымен балалардың көңілін көтерді.

   «Бірінші Президент», Тәуелсіздік күндеріне арналған іс-шаралар жоспар бойынша өткізілді. Топ балалары көрме ұйымдастырып, тақырыптық сабақтар мен ойын-сауық кештерін өткізді.

Балабақшада Жаңа жыл мерекесіне арналған шырша құрылып, іс-шаралар жоспарланып, жоспар бойынша өткізілді. Ертеңгілік қарсаңында әр топ өз топтарында ата-аналармен бірлесіп көрме  ұйымдастырды.  Барлық ертеңгіліктерге ата-аналар қатысып, балаларының өнерлерін тамашалады. Қонаққа Аяз ата, Ақшақар , ертегі кейіпкерлері келіп балалардың өнерлерін тамашалап, көңілдерін көтерді.   8-ші Наурыз мерекесі қарсаңында барлық топтарда аналарды құттықтауға арналған ертеңгіліктер ұйымдастырылды. «Ана өмір шырағы» тақырыптырында аналарды, сүйікті әжелерді құрметтеуге арналған ертеңгіліктер өткізілді. Балалар өз әже, аналарына арнап өнерлерін көрсетті.

  «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі» қарсаңында мекемеде барлық топтарда тақырыптық сабақтар мен ойын-сауық кештері өткізілді. Әр топ тәрбиешілері балаларға ата-бабалардан келе жатқан салт-дәстүрлерді, балаларды өз халқына деген сүйіспеншілікке тәрбиеледі.

      Әр мерекеге байланысты тақырыптық сабақтар, ертеңгіліктер өткізілді. Іс-шараларға  ата-аналар қатысып балаларының өнерлерін тамашалап, жыл бойы алған білімдерінің нәтижесін көрді.Балабақша іші және сырты әр мерекеге байланысты безендіріліп, құттықтаулар ілінеді. Тәрбиешілер ата-аналармен  бірлесе отырып көрмелер ұйымдастырды. Тәрбиеленушілер ата-аналарымен  әр мерекеде тақырып бойынша суреттер  салып, өз  жұмыстарын суреттер көрмесіне іліп отырды.

       Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру

Мектепке дейінгі ұйымның материалдық базасын жетілдіру бойынша жұмыс барлық жас топтары бойынша Даму бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Даму ортасының объектілерін ұйымдастыру және орналастыру ұтымды, қисынды және балаларға ыңғайлы, балалардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сәйкес келеді.

Балаларға арналған топтық үй-жайлар оқшауланған үй-жайларды (шешінетін, ойын,  жатын, дәретхана); балалармен ҰОҚ өткізуге арналған мамандандырылған бөлмелер де бар:

* музыка залы;

* спорт залы;

* педагог-психолог кабинеті;

* логопед кабинеті;

Барлық бөлмелер САНПИН нормативтік талаптарына сәйкес келеді. Балалардың балабақшада болу шарттары үнемі жетілдіріліп отырады. Үй - жайларды ұтымды пайдалану балалардың мектепке дейінгі ұйымда болуы үшін де, оқу-тәрбие процесін толыққанды жүргізу үшін де қолайлы жағдайлар жасайды.

Жиһаздың, оқу, ойын және басқа жабдықтардың орналасуы мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа толық сәйкес келеді және қауіпсіздік техникасы, санитарлық-гигиеналық нормалар, балалар физиологиясы, функционалдық жайлылық қағидаттарына сәйкес келеді, бұл балаларға өздерін топта еркін сезінуге мүмкіндік береді.

Балабақшада пәндік-дамытушылық орта көркемдік-эстетикалық талаптарға, балалардың денсаулығын қорғауға және нығайтуға, олардың толыққанды дамуына бейімделген.  Топтарда ойыншықтармен ашық, үлкен кеңістік бөлінген, заттармен ойнауға арналған бұрыштар ұйымдастырылған, сюжетті-рөлдік ойындардың бұрыштары орналастырылған (шаштараз, аурухана, дүкен, аспаз, мектеп, жол ережесі т.б). Барлық топтарда әр түрлі құрылыс жиынтықтары, мозаика, кесілген суреттер, көркем құрылысқа арналған қалдық және табиғи материалдар бар. Балалардың көркемдік және эстетикалық дамуы үшін топтарда әр түрлі  іс-шараларға арналған бұрыштар бар. Олар әртүрлі материалдармен және сурет салу, жапсыру, модельдеу, қол еңбегі құралдарымен жабдықталған.  Мерзімді түрде қабылдау бөлмелерінде, дәліздерде балалар жұмыстарының көрмелері (суреттер, қолөнер), сондай-ақ балалардың тәрбиешілермен және ата-аналармен бірлескен жұмыстары ұйымдастырылады. Әр баланың портфолиосы, топтың төлқұжаты бар.

Қоршаған ортаны құрайтын заттарды белсенді пайдалану (ойыншықтар, макеттер, лего, рөлдік ойындарға арналған атрибуттар, тәжірибелік бұрыштар және т.б.) балалардың бастамашылық деңгейін арттыруға, әртүрлі іс-шараларға жағдай жасауға, үй-жайларға тікелей, үй көрінісін беруге мүмкіндік береді. Әр топта ұлттық бұрыш, театрландырылған студия, денсаулық бұрышы бар. Үй-жайларды мұндай ұйымдастыру педагогикалық тұрғыдан орынды, жоғары мәдениетімен ерекшеленеді, жайлы көңіл-күй қалыптастырады, балалардың эмоционалды әл-ауқатына ықпал етеді.

Ұйымда балалармен ҰОҚ жүргізуде  педагог-мамандардың жұмысы үшін заманауи ақпараттық – техникалық база құрылған:

         Компьютерлер (меңгерушінің, қабылдау бөлмесінде, әдіскердің, медбикенің, педагогтардың, бухгалтердің кабинеті – Интернетке шығу).

         Электрондық пошта арқылы ұйымдармен байланыс және ақпарат алмасады. 

Балаларды жан-жақты дамытуда балабақшада теледидар, DVD, проектор, интерактивті тақта, музыкалық аппарат бар.

    Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін балабақшаның ресурстары мен жағдайларын талдау және бағалау болашақ дамудың келесі басым бағыттарын анықтады:

- Баланың эмоционалдық әл-ауқатының жағдайын оңтайландыру мақсатында Санпиннің талаптарын орындау;

- баланың толыққанды әлеуметтік даму ортасын құру;

- балалардың денсаулығын жақсарту және нығайту үшін тиімді жағдайлар жасау;

- барлық жас топтары, Спорт және Музыка залы үшін ойын жабдықтарын толықтыру, бұл балалармен педагогикалық жұмыстың әртүрлі формаларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

   Аулада әр топтың учаскелері жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бекітілген. ҰОҚ және ауада дене шынықтыру ойын-сауықтарын өткізуге арналған жеке дене шынықтыру алаңы бар. Балалардың қозғалыс белсенділігін дамыту және учаскелерде спорттық ойындар өткізу үшін жеткілікті мөлшерде шығарылатын жабдықтар бар. Учаскелерде қоршаған ортаны ұйымдастыру балаларға экологиялық тәрбие мен білім беруді қамтамасыз етеді.

         Білім беру ұйымы бейнебақылаумен жабдықталған.  16 бейнебақылау камерасы бар, оның ішінде ішкі – 8 камера, сыртқы – 8 камера.

Оқу-материалдық активтерге қосымшалар:

  • №4 қосымша-кестеге сәйкес жабдықтармен және жиһазбен қамтамасыз ету туралы мәліметтер;
  • бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдардың тізбесі (түгендеу тізімдемесі);

https://cloud.mail.ru/public/EXwm/rwpoGkxs1

(5- бөлімнің өзін-өзі бағалау құжаттарына сәйкес сілтеме қоса берілді..)

Мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар  әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салттары мен дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады. 

Күн сайын балаларға кітаптарды оқып беріледі, балалардың оқылған, тыңдалған шығармалардан әсер алуына ықпал ету, балалардың жасына сәйкес тақпақтарды, өлеңдерді жаттату, кітаптардағы иллюстрацияларды көрсету және оларға түсініктеме беру, балалардың ойларын тыңдау, балаларға қызықты кітаптарды таңдау, ол үшін сыныпта балаларға арналған кітаптардан, сондай-ақ балаларға арналған аудио шығармалардан кітап бұрышын ұйымдастырды. Балалардың өз бетінше, балалармен бірлесіп кітаптарды қарауына, тыңдалған шығармалардағы кейіпкерлердің әрекетін ойында қайталауға немесе ойдан кейіпкердің рөлін өзінше сомдауға және т.б. мүмкіндік беру.  Осы міндеттерді орындау мақсатында балабақшада арнайы оқу әдістемелік кешені бар.

Ақпараттық ресурстар және кітапхана қоры:

 (6- бөлімнің өзін-өзі бағалау құжаттарына сәйкес сілтеме қоса берілді..)

Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларына мониторинг жұмысы оқу жылы барысында 3 рет жүргізілді (бастапқы,аралық,қорытынды). Оқу жылы барысында мониторинг нәтижелеріне байланысты балалармен даму картасы бойынша  жекелей жұмыстар ұйымдастырылды.  Сондай-ақ мектепалды даярлық топтардың тәрбиеленушілерімен топ тәрбиешілері, психолог мамандар оқу жылының соңында түлектің картасын толтырып портфолиоларына салды. 2022-2023 оқу жылының мониторингтарының нәтижелері келесідей көрсеткішерді көрсетті:.

Бастапқы мониторинг нәтижесі:

Жас топтары

Балалар саны

 Физикалық қасиеттерді дамыту

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

олардың ішінде  жоғары деңгей

олардың ішінде орташа деңгей

олардың ішінде   төмен деңгей

олардың ішінде  жоғары деңгей

олардың ішінде орташа деңгей

олардың ішінде   төмен деңгей

олардың ішінде  жоғары деңгей

олардың ішінде орташа деңгей

олардың ішінде   төмен деңгей

олардың ішінде  жоғары деңгей

олардың ішінде орташа деңгей

олардың ішінде   төмен деңгей

олардың ішінде  жоғары деңгей

олардың ішінде орташа деңгей

олардың ішінде   төмен деңгей

1

ортаңғы топ

43

0%

60%

40%

5%

46%

49%

0%

30%

70%

0%

40%

60%

0%

31%

69%

2

ересек топ

84

16%

53%

31%

10%

56%

34%

11%

53%

36%

21%

47%

32%

23%

42%

35%

3

мектепалды топ

93

12%

44%

44%

19%

62%

19%

21%

57%

22%

17%

62%

21%

17%

63%

20%

 

Барлығы

220

Жоғары деңгей-10%

Орташа деңгей-46%

Төмен деңгей-44%

                                     

Аралық мониторинг нәтижесі:

 

Жас топтары

Балалар саны

 Физикалық қасиеттерді дамыту

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

олардың ішінде  жоғары деңгей

олардың ішінде орташа деңгей

олардың ішінде   төмен деңгей

олардың ішінде  жоғары деңгей

олардың ішінде орташа деңгей

олардың ішінде   төмен деңгей

олардың ішінде  жоғары деңгей

олардың ішінде орташа деңгей

олардың ішінде   төмен деңгей

олардың ішінде  жоғары деңгей

олардың ішінде орташа деңгей

олардың ішінде   төмен деңгей

олардың ішінде  жоғары деңгей

олардың ішінде орташа деңгей

олардың ішінде   төмен деңгей

1

ортаңғы топ

49

28

12

9

19

17

13

15

21

13

21

17

11

20

16

13

2

ересек топ

81

44

30

7

30

34

17

28

39

14

44

28

9

46

28

7

3

мектепалды топ

90

56

29

5

41

39

10

45

37

8

49

36

5

46

37

7

 

Барлығы

220

128

71

21

90

90

40

88

97

35

114

81

25

112

81

27

 

 %

100

58

32

10

41

41

18

40

44

16

52

37

11

51

37

12

                                     

Қорытынды мониторинг нәтижесі:

 

Жас топтары

Балалар саны

 Физикалық қасиеттерді дамыту

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

олардың ішінде  жоғары деңгей

олардың ішінде орташа деңгей

олардың ішінде   төмен деңгей

олардың ішінде  жоғары деңгей

олардың ішінде орташа деңгей

олардың ішінде   төмен деңгей

олардың ішінде  жоғары деңгей

олардың ішінде орташа деңгей

олардың ішінде   төмен деңгей

олардың ішінде  жоғары деңгей

олардың ішінде орташа деңгей

олардың ішінде   төмен деңгей

олардың ішінде  жоғары деңгей

олардың ішінде орташа деңгей

олардың ішінде   төмен деңгей

1

ортаңғы топ

50

33

13

4

26

15

9

27

15

8

28

15

7

23

17

10

2

ересек топ

82

55

22

5

40

25

17

43

26

13

52

20

10

53

18

11

3

мектепалды топ

88

69

15

4

56

24

8

69

13

6

64

20

4

61

21

6

 

Барлығы

220

157

50

13

122

64

34

139

54

27

144

55

21

137

56

27

 

 %

100

71

23

6

55

29

16

63

25

12

65

25

10

62

25

13

 

                                     

Қорытынды:

Тәрбиеленушілердің біліктіліктері мен дамуларының мониторингінің

 2022-2023 оқу жылының бастапқы мониторингінің нәтижесі

Жоғары деңгей-10% Орташа деңгей-46% Төмен деңгей-44% көрсетті.

 2022-2023 оқу жылының қорытынды мониторингінің нәтижесі :

Жоғары деңгей-63,2% Орташа деңгей-25,4% Төмен деңгей-11,4% көрсетті

Сапалы  ұйымдастырылған бақылау білім беру үрдісін ұтымды басқарудың негізгі шарттарының бірі болып табылады, әр тәрбиешінің балалармен жұмысының сапасы үшін жауапкершілігін арттырады.

Балабақша педагогтары өз қызметтерін жүзеге асыруда оқытудың жаңа инновациялық технологияларын, жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануда.  Тәрбиешілер ұйымдастырылған оқу қызметінде, күннің екінші жартысында, күнделікті вариативтік бөлімдерде ОТМШТ (ТРИЗ) әдісі, дәстүрден тыс сурет салудың түрлері, мнемотехника, квиллинг, силивон әдістемесін,, денсаулық, ойын технологияларын, ақпараттық технологияларды кеңінен қолданады.

Балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту барысында  педагогтар мен тәрбиешілер әртүрлі байқауларға, сайыстарға қатысып, өз танымдылықтарын арттырады.

Балабақшада шығармашылық топ құрылып оқу жылы барысында балабақша ішінде, қала, облыс, Республика көлеміндегі сайыстарға педагогтар мен тәрбиеленушілердің қатысуын ұйымдастырып, оларға  әдістемелік көмек  көрсетілді.

Тәрбиеленушілердің білімін бағалау:

https://cloud.mail.ru/public/W99k/CYWpYwH5p

7.Қосымша 2022-2023 оқу жылының мониторингтарының және жеке даму нәтижелері көшірмелері  қосымша электрондық түрде қоса берілді

                Білім беру ұйымының басшысы Жунусова Ж.Ж

           (Тегі, аты, әкесінің аты   (болған жағдайда) (қолы)

 

Жаңартылған күні: 30.05.2023 09:35
Құрылған күні: 30.05.2023 10:55

Ашық бюджет

Текст