https://www.instagram.com/p/CH-LQDIluAV9w3OylwDOOSULiyWrfpqYoRR1pE0/?igshid=102me25j5nfwh
Тақырыбы: «Ғажайып математика әлеміне саяхат»
Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау,. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып - алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым - қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті, « Көршісін тап?» дидактикалық ойыны.
Құрал жабдық ретінде суреттер, кілем -геометриялық пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш, сандар.
Мотивациялық – қозғаушылық
- Саламатсыздар ма, балалар!
Саламатсыз ба!
- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!
Біз әдепті баламыз
Амандасу үлкенге,
Алдыменен қонақпен
Тәрбиенің басы ғой.
Амандасып аламыз.
Ал қанекей бәріміз.
Сәлем!- дейік үлкенге
Жылулық шеңбер.
- Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
- Балалар, мынау ненің суреті? (күннің)
- Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.
- Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?
Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.
- Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!!
Көздерін, құлақтарын уқалайды.
Шапалақтайды.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын.
- Бүгін біз математика еліне саяхатқа барамыз. Тәрбиеші балаларға сыйқырлы сандық ішінен геометриалық пішіндерді таратып береді.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.
-Балалар мына кілемшеде не көріп тұрмыз?
-Геометриалық пішіндер.
-Дұрыс айтасындар балалар олай болса сендердің қолдарыңда қандай пішін болса сол пішіндер орналасқан жолмен жүресіндер алдымыздағы кедергілерді жеңіп «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз.
Балалар қолдарындағы геометриалық пішіндер арқылы екі топшаға бөлінеді
1 – топша
1-ші тапсырма: «Жұлдызқұрт »дидактиқалық ойыны
Ойын шарты: Жұлдызқұрттың дене бөліктеріне 1-ден 5-ке дейнгі сандарды ретімен орналастыру.
2 – топша:
2-ші тапсырма: «Өз орнын тап» дидактиқалық ойыны
Ойын шарты: ақ қағаз бетінің оң жағына геометриалық пішіндердің сурет салынған ал сол жағында адасқан геометриалық пішіндер салынған жолдармен өзорнын табу керек.
3-ші тапсырма:Екі топшаның көшбасшысы ортаға шығып кілемшедегі геометриалық пішіндердің үйін табу
Сергіту сәті:
«Бала, бала, балапан» әні
Бір серігіп алсаңдар одан әрі жалғастыру.
Ойын: «Сиқырлы құрсау»
Ойын шарты :Топшаларға екі көшбасшы сайланады. Балалардың басына 5-ке дейінгі сандар жұлдызқұрттың бөліктеріне жасалынып, кигізілді. Бірақ сандар ретімен тұрмайды. Ал бір ойыншының басына жұлдызқұрттың басының суретін кигіздім.Көшбасшының қолына құрсау берілді.Сол құрсау арқылы шашырап адасып тұрған сандарды реттімен қойды. Әр топтың көшбасшысы 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау
Үш тілде санау.
Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін табу. «Жоғалған сан».
(1 - ден 5 - ке дейін сандар бойынша ретімен тұрады.)
Құм терапиясы : «Құмның астына тығылған сандар»
Шарты: Құмның астына тығылған пішіндерді тауып алып сол пішіндерден әр тұрлі заттар құрастыру.
Балалар, ақылмен ойлап әр түрлі нәрселер жасауға болады екен.
Мынау түрлі - түсті пішіндерді қараңдаршы. Оларды қалай атаймыз.
Балалар: Тіктөртбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек.
Тәрбиеші: Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым (дөңгелек)
Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш)
Теледидар таныс екен баршаға, ал пішінім ұқсайды ғой (шаршыға)
Қорытынды:
Геометриялық пішіндерді кілемшеге орналастырдық.
1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санадық.
- Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Күтілетін нәтиже:
Қолынан келу:
- Балалар, біз бүгін геометриялық пішіндерді ажыраттық және кілемшеге орналастырдық.
Білуі қажет: Сандарды тура және кері санау, логикалық есептер.
Болу керек: зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау, ойлау қабілеттері, дамыған.