Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Нұрай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад" Нурай" города Кокшетау при отделе образования по городу  Кокшетау управления образования Акмолинской области

СоцСети

 

    https://www.instagram.com/p/CH-LQDIluAV9w3OylwDOOSULiyWrfpqYoRR1pE0/?igshid=102me25j5nfwh

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдіскердің бос лауазымына конкурс

1.Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының «Нұрай»  балабақшасы МКҚК әдіскері бос лауазымдық орынға  аптасына 40 сағат 1,0 ставкаға конкурс жариялайды, мекен-жайы Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Боровской м/а 62, 020000, 8716-2-77-21-30, nurai6_2011mail.ru

  • 2. Лауазымдық міндеттері: Білім беру қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
  • Оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар және бағдарламаларды құрастырады.
  • Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады.
  • Жас ерекшелік топтары бойынша сабақты жасайды.
  • Тәрбие мен оқытудың мазмұнын, нысанын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді.
  • Оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады.
  • Жаңартылған педагогикалық тәжірибелерді анықтауды, зерделеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді.
  • Оқу әдістемелік құралдармен, ойындармен, ойыншықтармен топтарды жабдықтауды ұйымдастырады.
  • Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жағдайына талдау жасайды.
  • Тәрбиешілер үшін ашық сабақтар, семинарлар, жеке және топ бойынша консультациялар, конкурстар мен көрмелер өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады.
  • Оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін жүргізеді, есепке алу және есеп беру құжаттамаларын уақытылы ресімдейді.
  • Тәрбиешілердің, психологтардың, логопедтердің, музыкалық жетекшілердің, басқа да ұйым мамандарының өзара әрекеттесуін үйлестіреді.
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің қызметін үйлестіреді.
  • Тәрбиеші лауазымына және олардың көмекшілеріне кадрларды іріктеу бойынша ұсыныстар енгізеді.
  • Біліктілікті арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), педагогтарды аттестаттау бойынша жұмысты үйлестіреді.
  • Білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу.

Еңбек ақы мөлшері: 79637 тг ден 144938 тг дейін, еңбек өтіліне байланысты.

3. Біліктілікке қойылатын талаптар: «педагог-модератор»: Санаты жоқ «педагог» санатына қойылатын жалпы талаптарға жауапты болуы керек: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әдіснамасын білуі керек;

ұзақ мерзімді жоспар мен циклограмма жасау; инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану; әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың жұмысын ұйымдастыру; педагогтерге инновациялық технологияларды практикада қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсету;

өзінің кәсіби біліктілігін арттыру; меншікті ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін білу.Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

 осы лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс;

4. Құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 03   маусымынан конкурс жарияланған күннің соңғы күнінен бастап, жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.

5. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

 мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

      Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Осы көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады

Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.

 

 

 

Жаңартылған күні: 03.06.2024 14:57
Құрылған күні: 03.06.2024 14:57

Ашық бюджет

Текст