https://www.instagram.com/p/CH-LQDIluAV9w3OylwDOOSULiyWrfpqYoRR1pE0/?igshid=102me25j5nfwh
Көкшетау қаласының «Нұрай балабақша» МКҚК
меңгерушсінің м.а.
2024 жылғы 28 шілдедегі
№ 54/1 бұйрығымен бекітілген
Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының
сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы ереже
Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы үлгі ереже (бұдан әрі-ереже) Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжіндегі (бұдан әрі-колледж) комплаенс-қызмет заңнамалық актілерге сәйкес әзірленді Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің мәртебесін, өкілеттігін және жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – квазимемлекеттік сектор субъектілері мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі функция;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу;
3) мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін;
4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қарсы кінәлі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);
5) сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу жолымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыруды және іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері.
2. Колледжде негізгі міндеті осы ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімше немесе жауапты тұлға айқындалады.
Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты тұлға мүдделердің ықтимал қақтығысы ескеріле отырып айқындалады.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшені немесе жауапты тұлға квазимемлекеттік сектор субъектісінің директорлар кеңесі, байқау кеңесі (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органының шешімімен, көрсетілген органдар болмаған жағдайда, колледждін басшысы айқындайды.
2-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерінің мәртебесі
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет өз өкілеттіктерін квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органынан, лауазымды адамдарынан тәуелсіз жүзеге асырады, директорлар кеңесіне, байқау кеңесіне (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органына есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке әдіснамалық қолдауды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері көрсетеді.
6. Егер Заңмен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарттармен осы Үлгілік ережеде көзделмеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ұйымдастыруға қойылатын талаптар мен тәсілдер белгіленген жағдайда, осы талаптар мен тәсілдерді колледж директорлар кеңесі, байқау кеңесі (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органы, көрсетілген органдар болмаған жағдайда колледж басшысы бекітеді.
1) Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында мен оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу құралдарын енгізуін қамтамасыз ету;
2) Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;
3) Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеу талаптарының және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
5) Заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
9. Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын енгізу және жүзеге асыру кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын орындау үшін бөлінетін өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;
2) басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тиімділігіне мүдделілігі;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің ақпараттық ашықтығы;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің тәуелсіздігі;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асырудың үздіксіздігі;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жетілдіру;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыратын мамандардың құзыреттерін үнемі арттыру.
10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функциялары:
1) Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының ішкі саясаты;
2) квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық;
3) Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында мүдделер қақтығысын анықтау мен реттеудің ішкі саясаты;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспары;
6) Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе ықтимал бұзушылықтары туралы хабардар ету тәртібін регламенттейтін құжат;
7) корпоративтік әдеп пен мінез-құлық мәселелерін регламенттейтін құжат;
8) колледж сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне қатысты ақпарат жинауды, өңдеуді, қорытуды, талдауды және бағалауды жүзеге асырады;
9) "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына нормативтік құқықтық актілерді сәйкес колледжінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді үйлестіреді;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның және колледж бірінші басшыларының бірлескен шешімі бойынша жүргізілетін квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға қатысады;
11) Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және оларды митигациялау және жою бойынша қабылданатын шараларға мониторингті жүзеге асырады;
12) Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізеді;
13) Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту семинарларын ұйымдастырады;
14) Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл саясатын және корпоративтік әдеп пен мінез құлық мәселелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;
15) Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ұжымында жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларына сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет құзыреті шеңберінде мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың Заңда белгіленген қаржылық бақылау шараларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауын қамтамасыз етеді;
17) Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылымдық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспарын орындауына мониторинг әзірлейді және жүргізеді;
18) мүдделер қақтығысын, оның ішінде колледжінің жұмысқа орналастыру, сатып алу және бизнес-процестер мәселелерін анықтау, мониторингілеу және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
19) Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізеді және / немесе оларға қатысады;
20) Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот практикасындағы өзгерістерге мониторинг пен талдау жүргізеді;
21) Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысына анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, колледжінің қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар енгізеді;
22) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік органдармен, колледждермен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;
11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерінің құқықтары
1) Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында құрылымдық бөлімшелерінен ақпарат пен материалдарды, оның ішінде коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын материалдарды сұратады және алады;
2) көрсетілген органдар болмаған жағдайда, колледжінің басшысына директорлар кеңесінің, байқау кеңесінің (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органының қарауына олардың құзыретіне жататын мәселелерді шығаруға бастамашылық жасайды;
3) ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы келіп түсетін хабарламалар бойынша қызметтік тексерулер жүргізеді;
4) Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшылары мен басқа да қызметкерлерінен қызметтік тергеу шеңберінде жазбаша түсіндірмелер беруді талап етеді;
5) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
6) өз құзыреті шегінде ішкі құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады;
7) Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызметкерлерінің колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың болуы немесе ықтимал мүмкіндігі туралы хабарлауы не колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу үшін ақпараттандыру арналарын құрады;
12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің міндеттері
1) Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны және оның үлестес тұлғалары туралы ақпараттың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыру кезеңінде белгілі болған инсайдерлік ақпараттың, егер онда дайындалып жатқан және (немесе) жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы деректер болмаса, құпиялылығын сақтайды;
2) Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлықтың, корпоративтік Әдеп кодексінің және өзге де ішкі құжаттардың бұзылуының болжамды немесе нақты фактілері бойынша жүгінген адамдардың құпиялылығын қамтамасыз етеді;
3) Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны меңгеруші кеңесін, байқау кеңесін (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органын, ал көрсетілген органдар болмаған жағдайда, колледж басшысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың болуымен немесе ықтимал мүмкіндігімен байланысты кез келген жағдайлар туралы уақтылы хабардар етеді;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның назарына белгілі болған дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы хабарлайды;
5) Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмейді;
6) қызметтік және кәсіби этиканы сақтайды.
4-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің есептілігі
13. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша ақпаратты тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
14. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны меңгерушісі кеңесіне, байқау кеңесіне (ол болған кезде) немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған өзге де тәуелсіз басқару органына, ал көрсетілген органдар болмаған жағдайда, Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны меңгерушісіне мерзімді түрде есеп береді.