Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Нұрай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад" Нурай" города Кокшетау при отделе образования по городу  Кокшетау управления образования Акмолинской области

СоцСети

 

    https://www.instagram.com/p/CH-LQDIluAV9w3OylwDOOSULiyWrfpqYoRR1pE0/?igshid=102me25j5nfwh

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

педагог –ассистенті /қазақ -орыс тілді топтарда/ бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды

1.Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Нұрай»  балабақшасы МКҚК педагог –ассистенті  /қазақ -орыс тілді топтарда/ бос лауазымдық орынға  аптасына 24 сағат 1 ставкаға конкурс жариялайды, мекен-жайы Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Боровской м/а 62, 020000, 8716-2-77-21-30, nurai6_2011mail.ru, nurai6_2024@mail.kz 

      Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының педагог-ассистенті

      2.  Лауазымдық міндеттері: Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

      балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтердің командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын құрастыруға қатысады;

      білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға, олардың өзіндік қызметі денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты шектелген жағдайда, көмек көрсетеді, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

      оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала туралы деректерді бақылауды жүзеге асырады және жинақтайды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім беру, әлеуметтік-бейімдеу (мінез-құлық) дағдыларын қалыптастыру серпінін хаттамалауды жүргізеді және баланы оқыту және әлеуметтендіру процесін мониторингтеу үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығының жағдайларын сақтайды; белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.

       Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және мазмұны бойынша білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулық-әдістемелік материалдар;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.

       Тәрбиешінің басшылығымен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі – ПМПК), консилиумның ұсынымдарын орындау және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру;

      Педагогтің басшылығымен ПМПК, мектеп консилиумының ұсынымдарын орындау және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру;

      Дамуындағы ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау әдістерін қолдану, психологиялық-педагогикалық тексеру нәтижелерін жүргізу және талдау;

білім алушылардың білім алу қажеттіліктеріне байланысты білім беру бағдарламаларын бейімдеудің, жеке-дамытушы (мінез-құлық) бағдарламаларды әзірлеу мен іске асырудың кәсіби құзыреттіліктеріне ие болу;

   

  3. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары педагогикалық білімі және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.

     Жүйелі түрде өзінің біліктілігін арттырады. Әртүрлі әдістемелік шараларға қатысады. Қажетті құжаттарды жүргізеді. Компьютерді, ақпараттық коммуникациялық құзыреттілікті меңгеруі тиіс.

Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға қоғамның дұрыс толерантты қарым-қатынасын насихаттау бойынша ағарту қызметін жүргізеді.

Техникалық қауіпсіздік, өртке қарсы қорғану және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін орындайды. Білім беру процесінде балалардың өмірі мен денсаулығын, құқығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Еңбек ақы мөлшері: 194821тг ден 260271тг дейін, еңбек өтіліне байланысты.

3. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе арнайы кәсіптік педагогикалық білім.

4. Құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 07 қазаннан конкурс жарияланған күннің соңғы күнінен бастап, жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.

5. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

       2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

            3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

            5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

            6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  2021 жылғы 09 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген).

             7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

             8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

               9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

          10) нысан бойынша педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

      Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Осы көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады

6. Бос лауазымдық орын 2025ж.07 қазанынан басталады.

Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттар құжаттарының Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.

 

 

 


Ашық бюджет

Текст