Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Нұрай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад" Нурай" города Кокшетау при отделе образования по городу  Кокшетау управления образования Акмолинской области

СоцСети

 

    https://www.instagram.com/p/CH-LQDIluAV9w3OylwDOOSULiyWrfpqYoRR1pE0/?igshid=102me25j5nfwh

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жарғы

04.04.2019

1. Жалпы ережелер

 

1.1. «Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы № 6 «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі –бала бақша) мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны заңды тұлға болып табылады жедел басқару құқығы ретінде.

 1.2. Бала бақша Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген басқа да құқықтық актілер негізінде құрылған және осы Жарғы негізінде  өз қызметін жүзеге асырады.

1.3. Балабақшаның құрылтайшысы (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) Көкшетау қаласының әкімдігі болып табылады.

1.4. Балабақшаның мемлекеттік басқару органы (бұдан әрі – уәкілетті органы) «Көкшетау қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

1.5. Балабақшаның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №6 «Нұрай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

қысқаша атауы: «Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №6 «Нұрай» балабақшасы» МКҚК;

орыс тілінде: Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад №6 «Нурай» при акимате города Кокшетау»;

қысқаша атауы: ГККП «Детский сад №6 «Нұрай»  при акимате города Кокшетау».

1.6. Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Боровской шағын ауданы, 62.

 

2. Бала бақшаның заңдық мәртебесі

 

2.1. Бала бақша мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.

2.2. Бала бақшаның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі бар.

2.3. Бала бақшаның филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

 

3. Бала бақша қызметінің мәні мен мақсаттары

 

3.1. Балабақша қызметінің мәні мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласында қызметті жүзеге асыру болып табылады.

3.2. Балабақшаның мақсаты мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде құрылған бағдарламалар мен оқу жоспарларына сәйкес баланың жас және жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып жеке тұлға қалыптастыру және дамыту болып табылады.

3.3. Балабақшадағы білім беру жүйесінің басым бағыты:

ӨТШТ (өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы) инновациялық технологиясын  енгізу арқылы мектепке дейінгі балалардың интеллектуалдық салада шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.4. Балабақша қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1) мектеп жасына дейiнгi балалардың дене және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту, оларды салауатты өмiр салты құндылықтарына бейiмдеу, медициналық қызметті жүзеге асыру, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті (дәрігерге дейінгі) ұйымдастыру;

2) тәрбиеленушілердің Отанға деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, мәдени-рухани құндылықтарын дамыту.

3) балалардың сөйлеу тілі кемшіліктерін білікті түзетуден тұратын түзету-дамыту.

4) тәрбиеленуші меңгере алатындай мектепке дейінгі білім беру саласына инновациялық технологияларды енгізуге жағдай туғызу;

5) мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлiк және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың ынталарын қанағаттандыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейiмдеу негізiнде қабiлеттерiн дамыту;

6) мектеп жасына дейінгі балаларда бастамашылықты, білім құмарлықты, еркiндiктi және шығармашылық жағынан өзiн-өзi көрсету қабілетiн дамыту;

7) балалардың мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың бiлiм беру бағдарламаларын игеруiне жағдай жасау;

8) тәрбиеленушiлердiң ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен  қарым-қатынас жасау;

9) мектепке дейінгі оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;

10) білім беру саласының материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту.

3.5. Балабақша Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді.

 

4. Жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының тізімі

 

4.1. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің жалпы білім беру бойынша оқыту бағдарламасы мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің жалпы білім беру мемлекеттік стандарты негізінде арнайы мектепке дейінгі жастағы балалардың іс-әрекетінің түрін ескере отыра құрылады. 

4.2. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің жалпы білім беру бойынша оқыту бағдарламасы:

1) балаларды сауықтыру, дамыту, оқыту және тәрбие беру тұтастық принциптерін ескере отыра мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің үздіксіз және сабақтастығын қамтамасыз етеді;

2) әр баланың денсаулық жағдайын және дамыту ерекшеліктерін ескере отыра, жеке тәсіл негізінде бастауыш білім берудің оқыту бағдарламасын меңгеруін дайындауға, қабілетін, икемділігін, зеректігін, дарындылығын бағдарлауға бейімделген.

4.3. Мектепке дейінгі білім берудің жалпы білім беру бойынша оқыту бағдарламасы оқытудың, жазудың, есеп және тілдік қарым-қатынас тәжірибесінің қарапайым дағдыларын қалыптастырады және бастауыш білімді меңгеру үшін бірдей бастапқы жағдай құруды қарастырады.

 

 

5. Балабақша ұйымына балаларды қабылдау тәртібі

 

5.1. Білім беру ұйымына балаларды қабылдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5.2. Білім беру ұйымына баланы қабылдау онда бос орын болған жағдайда жыл бойы жүргізіледі.

5.3. Жоспар бойынша топтастырылғанда білім ұйымында келесі жасаралық топтар бар:

 1) 3 жастан 4 жасқа дейінгі (екінші кіші тобы) – 25 баладан артық емес;

2) 4 жастан 5 жасқа дейінгі (ортаңғы тобы) – 25 баладан артық емес;

3) 5 жастан 6 жасқа (7 жас) дейінгі (ересектер тобы) – 25 баладан артық емес;

4) 4 жастан 6 жасқа дейінгі логопед тобы – 12 баладан кем емес;

5.4. Білім беру ұйымы мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытуды мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүргізеді.

5.5. Бала бақшада «Түзету және инклюзивті білім беру» кабинеті жұмыс жасайды.

 

6. Білім беру үрдісін ұйымдастыру тәртібі

 

6.1. Білім беру үрдісін ұйымдастыру мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленетін және бекітілетін балаларды дамытудың жалпы білім беру бағдарламаларымен айқындалады және белгіленеді.

6.2. Мектеп жасына дейінгі әр баланың жетістігінің диагностикасын индикатор негізінде жүзеге асыру.

6.3. Оқу-тәрбие үрдісі балалар үшін арнайы болып табылатын қызметтің түрлерін ескере отырып жүзеге асырылады: ойындар, құрастыру, бейнелеу, музыкалық, театрландырылған, қозғалыс белсенділігі, сондай-ақ балаға жеке тұрғыдан қарауды, балалардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың әртүрлі кіші топтармен жұмыс жасау мүмкіндігін көздейді.

6.4. Оқу-тәрбие және ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарды әдіскер, тәрбиеші, қазақ, орыс және ағылшын тілі мұғалімдері, педагог-психолог, музыка жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы, логопед және медициналық мейірбике жүргізеді.

6.5. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.

6.6. Білім беру ұйымының қызметкерлері оқыту-тәрбиелеу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

6.7. Сабақ тәртібі: «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқыту объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» бойынша анықталады.

6.8. Негізгі білім беру қызметі күннің бірінші жартысында орындалады.

6.9.Бала бақшада кепілдік нормаларға сай тамақ өнімдерімен тамақтандыру қамтамасыз етіледі. Балалардың күн тәртібін есепке ала отырып тамақтануы жас ерекшеліктеріне қарай, тамақтың жиілігі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес анықталады.

6.10. Бала бақшаның жұмыс істеу тәртібі ішкі жұмыс тәртібінің Ережелерімен ұжымдық шартпен белгіленеді, сағат 8-00 ден 18-30 дейін, демалыс күндері – сенбі, жексенбі, мерекелік күндер.

 

6-1. Тәрбиеленушілер, білім алушыларды шығарудың тәртібі және негізі

 

6-1.1. Мектепке дейінгі ұйымнан балаларды шығару келесі жағдайларда басшысымен жүргізіледі:

1) баланың бала бақшадағы күтімі үшін айсайынғы төлемақыны уақытында төлемеген жағдайда (төлемақының белгіленген мерзімінен он бес күнтізбелік күн төлемақыны кідіртсе);

2) бала себепсіз және әкімшілікті ескертусіз бір айдан артық бала бақшаны босатқан жағдайда;

3) дәрігерлік кеңес беруші комиссиясының анықтамасы негізінде мектепке дейінгі мекемеде болуына медициналық тосқауыл болатын қарсы көрсетім болған жағдайда.

 

7. Ақылы қызметтерді ұсыну тізімі мен тәртібі

                                 

7.1. Ақылы қызметтерді ұсыну тізімі мен тәртібі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес Кәсіпорынның оқу бағдарламасына қосымша білім беру және сауықтыру қызметтері мемлекеттік басқару органдарының келісімі негізінде енгізіледі.

7.2. Қосымша ақылы қызмет көрсетуден түскен қаржы қызметкерлерге еңбек ақы төлеуге, қажетті құралдар сатып алуға, тиісті дамыту ортасын құру үшін жұмсауға көзделеді.

7.3. Ақылы білім беру және сауықтыру қызметтері негізгі білім беру үдерісіне қосымша ретінде беріледі. Басшы белгілейтін ақылы қызметтердің тізіміне сонымен қатар үйірме жұмыстары ұйымдастырылуы мүмкін: ағылшын тілін, қазақ тілін оқыту, хореография, бейнелеу өнері, спорттық секциялар.

 

8. Білім беру ұйымы мен тәрбиеленушілердің, білім алушылардың және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері арасындағы қарым-қатынасты рәсімдеу тәртібі

 

8.1. Білім беру ұйымы мен ата-аналар және басқа да заңды өкілдер арасындағы қарым-қатынастар келісім-шартпен реттеледі.

8.2. Тәрбиеленушілердің ата-аналары және өзге де заңды өкілдері құқылы:

1) баланың жеке икемі мен ерекшелігіне, қалауын ескере отыра білім беру ұйымын таңдап алуға;

2) бала бақшадан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және баланың бала бақшада болу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;

3) психологтік-медициналық-педагогикалық кеңесте өз баласының оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша кеңестік көмек алуға.

8.3. Тәрбиеленушілердің ата-аналары және өзге де заңды өкілдері міндетті:

1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдай жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, рухани қалыптасуын қамтамасыз етуге;

2) мектепке дейінгі ұйымға балалардың келуін қамтамасыз етуге;

3) Бала бақшаның ішкі тәртіп ережесін сақтауға;

4) Бала бақша ішінде және ауласында тазалықты және тәртіпті сақтауға, күз-көктем мезгілінде бахила киюге (немесе басқа да алмастырушы құралдар).

 

9. Бала бақшаны басқару

 

9.1. Жергілікті атқару органы:

1) Бала бақшаны құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2) Бала бақшаның басым бағыт әрекетін белгілейді;

3) Бала бақшаның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе атқарушы органға өкілеттік береді;

4) Бала бақшаның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

9.2. Мемлекеттік басқару органы бала бақшамен мынандай өкілеттері бар:

1) Бала бақшаның мүлкін сақтауға және қолдануға басшылық етуге;

2) Бала бақшаның даму жоспарын келіседі, бекітеді және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды;

3) Бала бақшаның даму жоспарының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

4) Бала бақша мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

5) Осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіп бойынша басшыны тағайындайды және оны аттестациядан өткізеді.

9.3. Бала бақша мемлекеттік басқару органына қарасты заңды тұлға болып табылады.

9.4. Мемлекеттік басқару органы бала бақшаның басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы рәсімдейді.

9.5. Бала бақшаның басшысын тағайындау Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тәртіп бойынша бала бақшаны басқару органымен жүзеге асырылады.

9.6. Бала бақшаның басшысы меншік иесі (жергілікті атқару органы) және мемлекеттік басқару органының алдында бала бақшадағы істердің жағдайына жеке жауапкершілікте болады.

9.7. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес, бала бақша басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және бала бақша қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді.

9.8. Бала бақша басшысы:

1) Бала бақшаның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде бала бақшаның мүлкіне билік етеді;

3) Келісім-шарттар және өзге де мәмілелер жасайды;

4) Сенімхаттар береді;

5) Банктік есеп-шоттар ашады;

6) Бала бақшаның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбекшарттарын бұзады, егер Қазақстан Республикасының заңнамасы және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларға көтермелеу шараларын қолданады және жазаға тартады;

8) Белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, бала бақшаның қызметкерлеріне сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

9) Бала бақшаның қызметкерлеріне лауазымдық міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

10) Бала бақшада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

10. Бала бақша мүлкі

 

10.1. Бала бақшаның мүлкін, оның құны теңгерімінде көрсетілетін бала бақшаның активтері құрайды.

10.2. Бала бақшаның мүлкі жедел басқару құқығы ретінде оған тиесілі.

10.3. Бала бақшаның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде бала бақша қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.

10.4. Бала бақшаның мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктен (ақшалай табыстарды қоса алғанда), Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

10.5. Негізгі қаражатқа жататын жедел басқару құқығымен бекітілген, сондай-ақ жедел басқару құқығындағы тиесілі  мүлікті бала бақша сатуға және сыйға беруге мәміле жасау құқығы жоқ. Бала бақша шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен бала бақшаның жедел басқаруына түседі.

10.6   Егер Қазақстан Республикасының  заңнамасымен  немесе меншік иесінің

шешімімен өзгеше белгіленбесе,мүлікке жедел басқару құқығы, оған қатысты

меншік иесі оны бала бақшаға бекіту туралы шешім қабылдаған,  бала бақшада

мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.

10.7. Мемлекеттік басқарманың жазбаша келісім хаты болмаса, бала бақшаның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу, сату, айырбастау, сыйға тарту, шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.

10.8. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жергілікті атқарушы орган бала бақшаның бекітілген мүлікті алып қоюға не оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.

10.9. Бала бақша оған жедел басқару құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке және Қазақстан Республикасының көзделген қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзінің шаруашылық қызметі негізінде алынған мүлікке тек жергілікті атқару органы жазба келісімімен дербес билік етеді.

10.10. Бала бақша жедел басқару құқығымен бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.

10.11. Жедел басқару құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімде жергілікті атқарушы орган бала бақшаға оны өзге тұлға бергенге дейін ұстауын және сақтауын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.

 

11. Бала бақшаның қызметін қаржыландыру

 

11.1. Бала бақша қызметі жергілікті атқару органы бекіткен жергілікті және республикалық  бюджет есебінен қаржыландырылады. Шаруашылық қызметі оның жарғыда көрсетілген мақсаттары мен міндеттерімен, сондай-ақ бала бақшаға мемлекеттік басқару органы арқылы жеткізілетін мемлекеттік тапсырыстарымен анықталады. Өзге шаруашылық қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

11.2. Бала бақшаның даму жоспарын бекіту және жасалу тәртібі жергілікті атқарушы органмен анықталады.

11.3. Бала бақша өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшасына жауап береді.

 

12. Еңбек ұжымының мүшелері, олардың құқықтары мен міндеттері

 

12.1. Бала бақшаның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

12.2. Педагогикалық білімі бар, қажет бойынша басшы белгілеген арнайы сынақ мерзімінен және медициналық комиссиядан өткен кез келген Қазақстан Республикасының азаматы бала бақшаның педагогы бола алады.

12.3. Білім беру ұйымы қызметкерлерінің құқықтары:

1) лауазымына байланысты бала бақшаның қызметіне қатысуға;

2) басқаруға қатысуға, яғни бала бақшаның Кеңесіне және қоғамдық органдарға сайлануға;

3) еңбек келісіміне және біліктілік санатына сәйкес белгіленген еңбекақы алуға;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына байланысты еңбекті қорғауға;

5) сенбі, жексенбі күндері демалуға және қызметкерлерінің категориясына және бекітілген демалыс мерзіміне сәйкес жыл сайын берілетін ақылы демалысқа шығуға;

6) қолданыстағы заңнамаға, еңбек және ұжымдық шарттарға сәйкес басқа да құқықтарға ие болуға.

12.4. Білім беру ұйымы қызметкерлері міндетті:

1) осы Жарғының талаптарын сақтауға;

2) өз лауазымдық міндеттерін, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін орындауға;

3) балаларды күтуде медициналық-педагогикалық ұйғарымдарын басшылыққа алуға;

4) еңбек ұжымының жалпы жиналысы шешімдерін орындауға;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға, еңбек ұжымдық шарттарға сәйкес басқа да міндеттерді орындауға.

12.5. Баланың денесіне немесе моральдық-психологиялық залал келтірген қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырған тәртіппен жеке жауапкершілікті көтереді.

 

13. Бала бақша қызметкерлерiне еңбекақы төлеу

 

13.1. Бала бақшаның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын жергілікті атқарушы орган белгілейді.

13.2. Штаттық кестесi, еңбекақы төлеу үлгісі, Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысына сәйкес, лауазымдық айлықақылар мөлшерiне байланысты анықталады.

 

14. Бала бақшаны қайта ұйымдастыру және тарату

 

14.1. Бала бақшаны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органының) шешімі бойынша жүргізіледі. Бала бақша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

14.2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, бала бақшаны қайта ұйымдастыруды және таратуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады. Бала бақшаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

14.3. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған бала бақшаның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) қайта бөледі. Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған бала бақшаның ақшасы, бала бақшаның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.

 

 

15. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

15.1. Бала бақша Жарғысына өзгертулер және толықтыруларды жергілікті атқарушы орган немесе бұған мемлекеттік мүлік бойынша салаға сәйкес уәкілетті органның ұсынысы бойынша атқарушы органға уәкілеттік береді.

 

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 04.04.2019 11:38
Құрылған күні: 04.04.2019 11:38

Ашық бюджет

Текст