https://www.instagram.com/p/CH-LQDIluAV9w3OylwDOOSULiyWrfpqYoRR1pE0/?igshid=102me25j5nfwh
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Білім министрлігі «Өркен» ҰАО «Балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында ақпараттық ресурстар әзірледі.
Мақсаты: Әртүрлі өмірлік жағдайларда балаларда қауіпсіз мінез-құлықтың тұрақты дағдыларын қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің мемлекеттік тапсырмасынорындау шеңберінде Өркен ҰАО «Балалардың қауіпсіздігі» тақырыбы бойынша ақпараттық ресурстар әзірледі.
Ресурстар балалардың әртүрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіз мінез-құлықтың тұрақты дағдыларын дамытуға бағытталған.
Олар жазатайым оқиғалардың алдын алудың тиімді құралы болып табылады, балалардың санасы мен жауапкершілігі деңгейін арттырады,
қауіптерді азайтуға және қоғамда қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға көмектеседі. Бұл ресурстарды сынып сағаттарында және басқа оқу іс-шараларында пайдалану ұсынылады.
Осыған байланысты қажет:
• осы материалдарды білім беру ұйымдарында таратуды және орналастыруды ұйымдастыру;
• материалдарды оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен жұмыста сынып сағаттары, тренингтер, кездесулер форматында,
сондай-ақ жазғы сауықтыру іс-шаралары кезінде пайдалану;
• осы материалдарды білім беру ұйымдарының веб-сайттары мен әлеуметтік желілерінде орналастыруды ұсыну.
• Барлық материалдар электронды форматта қолжетімді және оқу үрдісінде және профилактикалық жұмыста еркін пайдалануға болады.
Материалдарға қол жеткізу үшін сілтеме:
https://cloud.mail.ru/public/dHRB/58bQrEgcp