https://www.instagram.com/p/CH-LQDIluAV9w3OylwDOOSULiyWrfpqYoRR1pE0/?igshid=102me25j5nfwh
Көкшетау қаласының әкімдігі жанындағы №6 «Нұрай» балабақшасында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымы жағдайында ерекше білімді қажет ететін балаларға инклюзивтік білім беру ортасын ұйымдастыру» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді.
Семинарға қатысушылар:инклюзивтік білім беруге жетекшілік ететін білім беру бөлімдерінің әдіскерлері
Семинардың мақсаты: инклюзивтік білім беруде мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру.
Міндеттері:
- бейімделу және түзету –дамыту ортаны құру бойынша жоспарлы және жүйелі жұмыс жасау қажеттілігін өзектендіру;
- мектепке дейінгі біліім беру ұйымы жағдайында ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған инклюзивтік білім беру ортасын ұйымдастыруда мұғалімдердің тәжірибесін жинақтау
Семинарды облыстық білім басқармасы, қалалық білім беру бөлімі ұйымдастырды.
Семинардың практикалық бөлігінде қатысушылар логопедтік топтарының тәрбиеленушілерімен өткізген: «Қысқы орманға саяхат» атты ашық сабақ Л.К. Кенебаева логопед, М.Х.Қалелова тәрбиеші., «Геометриялық фигуралар әлемі»атты ашық сабақ тәрбиеші Н.В. Саркисьян қатысушылар байқады.
Біздің балабақшамыздың педагогтары қатысушылармен шебер сынып өткізді: «Мектепке дейінгі балалардың құмды терапиясы» К.Т.Каудинова- педагог-психолог, «Көңілді тіл туралы ертегі», Кабдина А.Б. - логопед, «Кішкентай балалардың сөйлеу құралы ретінде қол моторикасын дамыту», Жанзакова Н.Т. - ТИБК дефектологы, «Мектепке дейінгі мекемелерде стандартты емес жабдықтарды пайдалану» Қопаш А.А. – дене шынықтыру нұсқаушысы.
№6 «Нұрай» балабақшасының меңгерушісі Маментикова А.А. мектепке дейінгі білім берудің қалай жүзеге асырылатынын, салауатты құрдастарымен бірге арнайы білім алу қажеттіліктері бар балаларға ыңғайлылық танытып тәрбиеленетіні туралы баяндамасында таныстырды.
№6 «Нұрай» » балабақшасының жанындағы ТИБК мамандары: Сейтикова Т.К. - педагог-психолог, Кабдина А.Б. - логопед Н.Т. Жанзакова - дефектолог, едмік дене шынықтыру нұсқаушысы Г.Н.Мухаметкалиев, ерекше білімді қажет ететін балаларымен жұмыс істеу тәжірибесі туралы бөлісіп, видео сабақтарын көрсетті және ТИБК-да жұмыс істеу ерекшеліктері туралы баяндама оқыды.
Семинар жоғары эмоционалдық деңгейде, жылы, достық және сенімді көңіл-күйде өтті. Семинар сонында өзекті инклюзивтік білім беру мәселелері талқыланып, ерекше білімді қажет ететін балаларымен одан әрі жұмыс істеу перспективалары анықталды.