https://www.instagram.com/p/CH-LQDIluAV9w3OylwDOOSULiyWrfpqYoRR1pE0/?igshid=102me25j5nfwh
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №6 «Нұрай» балабақшасы МКҚК түзету және инклюзивтік білім беру кабинеті өз қызметін Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №6 «Нұрай» балабақшасы МКҚК жарығысы және № 9821-1902-ГП от 12.10.2011ж. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес жүргізеді. Кабинет 0-6 (7) жастағы арнайы білім алуға қажеттіліктері бар балаларға комплекстік медико-педагогикалық және әлеуметтік- психологиялық көмек көрсетеді.
Ұраны: «Даму және дамыту, шаттану және шатандыру».
Мақсаты: арнайы білім алуға қажеттіліктері бар балалардың мұқтаждықтарын ескере отырып, психологиялық, педагогикалық, логопедтік көмек беру арқылы білім алуын қамтамасыз ету.Түзету және инклюзивті білім беру кабинеті күннің екінші жартсында жұмыс жасайды. Қыркүйек айынан бастап 43 бала шығарылды. Қазіргі кезенде 18 бала ТИБК-ға қатысып жүр. Түзеу-дамыту процесін басты идеясы — жаттығу және түзету, сондай-ақ бала тұлғасының жекелеген функцияларын толығымен дамыту және байыту. Осылайша әр бір балаға профилактикалық және түзету-педагогикалық көмек көрсетіліп, кешенді диагностика, емдеу оған қамтамасыз етіліп белгілі табыстарға жетті.