Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Нұрай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад" Нурай" города Кокшетау при отделе образования по городу  Кокшетау управления образования Акмолинской области

СоцСети

 

    https://www.instagram.com/p/CH-LQDIluAV9w3OylwDOOSULiyWrfpqYoRR1pE0/?igshid=102me25j5nfwh

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балаларды өрт қауіпсіздігіне үйретейік!

29.07.2022

29.07.2022 жыл

             Балаларды өрт қауіпсіздігіне үйретейік!

Қазіргі заманда өмірге қауіп төндіретін жағдайға тап болу өте жиі кездеседі. Балаларды далаға ойнауға, қонаққа жібергенде немесе үйде өздерін қалдырғанда олармен еш жамандық болмайды және олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ деп үміттенеміз.

          Өкінішке орай, статистика балалардың кесірінен болатын өрттер, балалар өлімі орын алып жатқан өрттер жиі болып жатқанын көрсетуде. Балаларға өрт қауіпсіздігі жайында не білу қажет? Қай жастан бастап балаларды өрт кезінде емес, жану жағдайы кезінде өзін ұстау ережелеріне үйрету керек? Осындай сұрақтардың жауабы бір: балалық шақтан бастап балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйрету керек. Мұндай ережелерді балаларға өз іс-әрекеттерін түсіне бастаған шақта үйреткен дұрыс.

          Бастысы балаға ашық от өте қауіпті екенін, от жарақаттайтынын, ауыртатынын, тіпті адам өліміне әкеп соқтыру мүмкін екенін түсіндіру қажет. Бала жану және өрт жағдайлары болмау үшін өзін қалай ұстау керектігін немесе жану кезінде не істеу, істемеу керектігін білуі тиіс. Өрт шыққан кезде қалай сасқалақтап қалмау керектігін балаларға үйрету біздің міндетіміз. Көбіне балалар өрт шыққан жағдайларда үрейленіп тығылып қалады. Мұндай жағдайда не істеу керектігін, өзін қалай ұстау қажеттігін және өзіне қандай қауіп төніп тұрғанын білмеуі себепті бала өзін осылай ұстайды. Білім жоқта үрей туындайды. Ең бастысы үрейдің болмауы. Байсалды болсаң және ақылмен әрекет етсең қауіптен құтылу оңай. Үрей мен сасқалақтау – бұл үнемі ақылды шешім табу мүмкіндігін жоғалту.

          Үлкендердің міндеті балаларға қажетті білімді меңгерту болып табылады. Бастысы балаларға қарапайым тілмен үйрету немесе ойын арқылы қажетті білімді меңгерту болып табылады. Қорқыныш үрейді, сасқалақтауды тудырады.

          Әрбір адам білуге міндетті:

 -егер жану 2 минуттан асса, онда жану шыққан жерден шығып кету қажет;

 -балалар жасырынып қалуға болмайтынын, бұл қауіпті екенін түсіну керек;

 -үлкендер балаларды жабық бөлмелерде өздерін қалдыруға болмайтынын түсіну керек. Бұл бақытсыздыққа әкеліп соқтырады.

          Өрт кезінде қалай әрекет ету керектігін естеріңізге сала кетейік:

 

         Өрт болған жағдайда жылдамдатып өртке қарсы қызметінің «101» нөміріне телефон шалу қажет. Өрт сөндірушілерді шақыра отырып, оларға нақты түрде аудан немесе елді мекеннің атауын, көше атауын, үй нөмірін, қабатын, өрт қай жерден шыққанын айту керек. Не жанып жатқанын айқындап айту қажет. Сондай-ақ кім соғып ұрғанын, телефон нөмірін міндетті хабарлау қажет.

 

         Егер сіздің телефоныңыз жоқ болса және сіздің үйден немесе пәтерден шығу мүмкіндігіңіз болмаса, «Өрт!»- деп қатты дауыспен сырттағы адамдарды көмекке шақырыңыз.

 

         Егер жану ошағы кішігірім болса, онда оны нақты және сенімді іс-қимылмен сөндіруге болады. Бөлмеде мүмкіндігіңізше газ бен тоқ көздерін сөндіру керек. 

         Есте сақтаңыз: үйде әрқашан өртті сөндіру құралдары табылады, көрпе, су құятын ыдыстар мен шелектер т.б. 

Бірақ: 

-         Терезелер мен есіктерді ашып қоюға болмайды, себебі таза ауа ағымы жануды күшейту қаупі бар; 

-         Желіге қосулы тұрған электржабдықтарын сөндіруге болмайды. Егер ол теледидар болса онда қызып тұрған кинескоп су құйғанда жарылуы және сізді жарақаттауы мүмкін. Оны қалың көрпемен бүркеуге немесе құммен көмуге болады. 

-         Егер сіз бірінші минуттарда отты сөндіре алмасаңыз, дереу бөлмеден шығу керек, және басқа адамдарға да шығуға көмектесу қажет. Тезарада жанып жатқан бөлмеден (ғимараттан) балаларды, қарттар мен ауру адамдарды шығаруға тырысыңыз. 

Бірінші кезекті өрт шыққан ғимараттың ішіндегі қаупі жоғары бөлмелердегі адамдарды және жоғарғы қабаттағы адамдарды шығарады. Сондай-ақ бірінші кезекте кіші жастағы балалар, кәрілер мен науқас, мүгедек адамдар шығарылады.

 Өрт кезінде түтін бөлменің жоғарғы бөлігіне жиналады және жанып жатқан заттардың улы өнімдері жылы ауамен жоғары көтеріледі, сондықтан қатты түтегенде еденге жатып мұрын мен ауызды сулы орамалмен жауып еңбектеп немесе жорғалап есікке қарай шығу қажет.

 Егерде адам үстіндегі киім жанып жатса, оны қалың көрпемен немесе киіммен бүркеп үстіне су құйған дұрыс. Отты сондай-ақ, жерге жатып аунау арқылы да сөндіруге болады, бірақ басты жақсы қорғау қажет.

 Егер саты түтеген болса, онда сатыға түтін кіріп жатқан жерді мықтап жауып, таза ауа ағымын кіргізу үшін   терезелерді ашу немесе сындыру керек. Түтеп жатқан дәліз немесе саты арқылы шығуға тырыспаңыз! Себебі түтін өте улы және жанып жатқан газдар сіздің өкпеңізді күйдіріп жіберу қаупі бар. Егер саты, дәліз өртеніп жатса немесе түтеп жатса, онда балконға шығып сырттан көмек шақырыңыз. Құтқару балкондар арқылы жылжымалы саты көмегімен жүргізеді.

          Ғимараттардың үшінші қабатынан бастап секіруге болмайды, себебі жарақат алу қаупі жоғары.

          Өрт сіздің немесе өзгенің пәтерінде, әлде тіпті үйдің басқа бөлігінде басталса да өртке қарсы қызметке соғып хабар беріңіз. Басқа біреулер береді хабар деп кутпеңіз.

          Өрт қаупі туралы ешқашан есіңізден шығармаңыз және сізбен мұндай болмайды деген ойдан аулақ болыңыз. 


Просмотров: 234


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ашық бюджет

Текст