Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Нұрай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад" Нурай" города Кокшетау при отделе образования по городу  Кокшетау управления образования Акмолинской области

СоцСети

 

    https://www.instagram.com/p/CH-LQDIluAV9w3OylwDOOSULiyWrfpqYoRR1pE0/?igshid=102me25j5nfwh

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Вакансия

05.09.2022

1. Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Нұрай»  балабақшасы МКҚК музыкалық жетекшісінің (декреттік демалыс кезінде) уақытша бос лауазымдық орынға 1,5 ставкаға конкурс жариялайды, мекен-жайы Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Боровской м/а 62, 020000, 8716-2-77-21-30, nurai6_2011mail.ru

2. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының музыкалық жетекшісі

Лауазымдық міндеттері: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес музыкалық тәрбиелеу мен эстетикалық дамуды жүзеге асырады. Музыка аспаптарында ойнаудың техникасын шебер меңгерген. Музыка бойынша сабақтарды, балалар мерекелерін және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді, музыкаға әуес дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыстар жүргізеді.

Балалармен ойын әрекеттерін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындарды өткізеді. Педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады. Балалармен жұмыс істеудің озық тәжірибелерін енгізеді. Балаларды музыка бойынша тәрбиелеу мәселелері жөнінде ата-аналар мен тәрбиешілерге кеңестер береді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.

3. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің педагогикасы мен психологиясын, жас ерекшеліктер физиологиясы мен гигиенасын, балалардың жеке даму ерекшеліктерін, әртүрлі жастағы балалардың музыканы қабылдау мүмкіндіктері және моторикасын, жан дүниесін, балалар репертуарының музыкалық шығармаларын білуі, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін, музыкалық аспаптарда шебер ойнауды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін, еңбек заңнамаларының негізін, еңбекті қорғаудың, техникалық қауіпсіздіктің, өртке қарсы қорғаныстың нормасы мен ережесін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

4. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі (музыкалық, педагогикалық) білім.

Еңбек ақы мөлшері: 87821тг ден 142271тг дейін, еңбек өтіліне байланысты.

Құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 05 қыркүйегінен конкурс жарияланған күннің соңғы күнінен бастап, жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.

5. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) нысан бойынша педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Осы көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады

6. Бос лауазымдық (декреттік демалыс кезінде) уақытша орын 2022ж.05 қыркүйегінен басталады.

Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттар құжаттарының Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.

 

 

 

Просмотров: 153


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ашық бюджет

Текст