https://www.instagram.com/p/CH-LQDIluAV9w3OylwDOOSULiyWrfpqYoRR1pE0/?igshid=102me25j5nfwh
Ата-аналарға кеңес.
Тақырыбы:"Короновирустан сақтанудың әдісі"
Қазақстан билігі бүгін коронавирусқа қатысты брифинг өткізіп, оның алдын алу мен сақтану шаралы туралы айтты.
1. Қолды жиі жуып, антисептик қолдану Жеке бас гигиенасын сақтау, қол мен бетті таза ұстау - коронавирустан қорғанудың ең дұрыс жолы. Әр жарты сағат сайын қолды 20 секунд жылы сумен жуып, антисептик қолдану керек. Қол астыңызда арнайы тазарту құралы болмаса кез келген дәріханадағы кәдімгі спирт те жарамды. Егер оған аллергияңыз болса санитайзер қолданыңыз.
2. Қолма-қол ақша ұстамау Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустан қорғану үшін қолма-қол ақша ұстамауға кеңес береді. Оның орнына жеке картаңыз не телефонмен сауда жасаңыз. Ғалымдардың айтуынша, COVID-19 вирусы қатты заттың бетінде бірнеше күн тіршілік ете алады екен.
3. Телефонның экранын жиі тазалау Смартфоныңыздың бетінде қолдарыңыз
ға қарағанда жүз есе көп бактерия жиналады. Кейбіреуіміз, тіпті, телефоны
мызды күні бойы қолымыздан тастамаймыз. Сол себепті телефонның экран
ын сағатына бір мәрте спиртті майлықпен тазалап тұру керек.
4. Адам көп жиналатын бұқаралық іс- шараларға бармау. Дәрігерлер адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес береді. Сол үшін де бүгін 13 наурыздан бастап инфекция таралуының
алдын алу үшін бұқаралық іс- шараларды, мерекелік шараларды, спорттық, ойын-сауық және мәдени шараларды, конференцияларды, семинарларды, көрмелерді және басқаларды өткізуге тыйым салынды.
5. Автобустың орнына көбірек жаяу жүру Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбауға тырысыңыз. Оның орнына мүмкіндігінше жаяу жүрген абзал. Өйткені
автобустағы кеңістіктің кіші және адамдардың көп болуы індеттің тез
таралуына таптырмас орта. Дегенменбүгін белгілі болғандай, қоғамдық көліктер әр рейстен кейін дезинфекцияланады. Бұған дейін қоғамдық көліктерге
таңертең рейске шығар алдында және кешке рейс аяқталғаннан кейін дезин
фекция жасалатын.
6. Балалар мен қарттарға көбірек көңіл болу Коронавирусқа қарсы қарттар
мен балалар әлсіз. Балаларды қоғамдық орындарға, ойын алаңқайына жіберуді азайтып, жеке бас гигиенасын сақтау үйретіңіз. Ал дәрігерлер қарттарға үйден шықпауға кеңес берді. Дәріхана не дүкенге сауда жасау үшін жастарды
жіберген абзал, өйткен үлкен кісілердің жаңа індетке шалдығуы әлдеқайда
оңай.
7. Шетелге шығуды шегере тұру Қазірдің өзінде коронавирус әлемнің 120
елінде тіркелген. Ал қазақстандықтардыкоронавирус инфекциясының өршуіне байланысты және жұғуы мен таралуының алдын алу мақсатында, яғни қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға қарай әлемнің 70 еліне бармауға шақыр
ды. 1А және 1Б, 2 және 3 категориядағы елдерге халықаралық бағыттар шектелді. 1А және 1Б, 2 және 3 категориядағы елдерде өтетін халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға баруға тыйым салынды.
8. Қол алыспау Дәрігерлер өзге адаммен қол алыспауға және жақын тұрмауға кеңес береді. Көп елдерде ресми түрде қол алысуға тыйым салынған. Бұның бәрі коронавирус індетінің алдын алуға бағытталған.
9. Медициналық масканы 20 минут сайын ауыстыру Әлі күнге медициналық масканың пайдасы туралы дау басылар емес. Біреулер оның коронавирустан қорғамайтынын айтса, екіншілері масканы шешпеуге кеңес береді. Дегенмен медициналық масканы адам көп жиналатын жерлерде, қоғамдық орындар мен жабық кеңістікте киген жөн. Оған қоса 20 минут сайын ауыстырып тұрған дұрыс болады.
10. Иммунитетті күшейту COVID-19 вирусы иммунитеті әлсіз және созылмалы ауруы бар адамдарға көбірек жұғатыны белгілі. Оған қоса темекі шегетін және алкогольді көп тұтатындардың коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары. Сол үшін дәрігерлер дұрыс өмір салтын ұстанып, дене шынықтырумен айналысуға кеңес береді. Ұйқыңызды реттеп, ақуызға бай, витамин құрамы жоғары тамақ тұтыну керек.
11. Жалған ақпаратқа сенбеу Коронавирус эпидемиясы басталғалы бері
әлемде түрлі қауесет ақпарат көбейіп кетті
Сол себепті де тек ресми жаңалықтарды тыңдап, қауесетке құлақ аспаған
жөн.
12. Вирусқа қарсы дәрілер көмектеспейді Адамдар коронавирусты жұқтырып алудан қорқып, вирусқа қарсы дәрілерді ішіп жатыр. Бірақ ғалымдар бұл дәрілердің COVID-19 вирусына қауқары жетпейтінін айтады.