https://www.instagram.com/p/CH-LQDIluAV9w3OylwDOOSULiyWrfpqYoRR1pE0/?igshid=102me25j5nfwh
2024 жылғы 11 сәуір Көкшетау қаласы «Нұрай» балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды және ересек топ тәрбиешілеріне арналған «Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы қоршаған ортаны тану жолдары» тақырыбындағы қалалық семинары өтті.
«Нұрай» балабақшасының негізгі мақсаты экологиялық тәрбие беру. Балада экологиялық мәдениет қалыптастыру, рухани байлығын тәрбиелеу,қоршаған ортаны қабылдауды үйрету,оларға табиғатты бағалауға және түсінікпен қарауға баулу,табиғатты сүюге үйрету, табиғатты аялау сезімдерін күшейту.
Психолог К.Т.Каудинова «Көңіл- күй ауа райы» тренинг; мектепалды тобының тәрбиешісі Б.Т.Билялова «Табиғат және біз» ұйымдастырылған әрікет; Л.Е.Жумангалиева ересек топ тәрбиешісі «Құстар - біздің досымыз» ұйымдастырылған әрікет, Н.В.Саркисьян мектепалды топ тәрбиешісі «Не? Қашан? Қайда?» интеллектуалды ойын өткізді . Ересек топ тәрбиешісі Г.Д.Алибекова «Әсем табиғат» дәстүрден тыс сурет салу шебер-сыныбында өз тәжірибесімен бөлісті. Семинарға қатысушы тәрбиешілер мен педагогтар пікір алмасып, өз ойларымен бөлісіп,өздеріне қажетті тәжірибелер жинақтағанын айтып өтті.