https://www.instagram.com/p/CH-LQDIluAV9w3OylwDOOSULiyWrfpqYoRR1pE0/?igshid=102me25j5nfwh
Мендуана
Биіктігі 1 метрден асады.Сабағының сырты
тегіс, іші қуыс, тік өседі.
Жапырақтарының ұштары сүйір, салалы, ірі, шеттерінде ойықтары бар,
сағақтары ұзын, үстіңгі жағы қою жасыл, төменгі бұтақты жерінде олар
жалғыз-жалғыздан орналасқан.
Гүл тәжі ұзын түтікше тәрізденіп, гүл
тостағаншасынан асып тұрады. Шілде, тамыз айлары
аралығында гүлдейді.
Ұрығы - ұзындығы 3-4
сантиметрлік сырты тікенді, жұмыртқа тәрізді қауашақ. Жемісі піскен
кезде ішінен 500-ге жуық үлкен қара дәнектері төгіледі.
Қазақстанның барлық аймақтарында (тек таулы жерлерде өспейді)
кездесетін 1 түрі — кәдімгі Сасық меңдуана (D. stramonіum). Ол үй
маңында, бақшада, кейде қоқысты жерлерде топтанып өседі.
Сақтық шаралары
Өсімдік өте улы. Уланған адамның беті қызарады, көз қарашығы үлкейеді. Кісі тынышсызданады,
көзіне әр түрлі нәрселер көрінгендей болады, бірте-бірте есінен айрылады. Сондықтан сасық меңдуанадан
жасалған дәрілерді тек дәрігердің қатаң бақылауымен ғана пайдалану қажет.