https://www.instagram.com/p/CH-LQDIluAV9w3OylwDOOSULiyWrfpqYoRR1pE0/?igshid=102me25j5nfwh
Тақырыбы: «Əжемнің ертегісі»
Мақсаты: Ұлттық тәрбиені балалардың бойына сіңіру
Көкшетау қаласында балабақша бүлдіршіндерін Отанын, тілін сүюге, қастерлеуге тəрбиелеу, халық ертегілерін насихаттау мақсатында «Əжемнің ертегісі» іс-шарасы бастау алған болатын. Осы ұлттық тәрбиені балалардың бойына сіңіру мақсатында Ақмола облысы Аналар кеңесі жанынан ашылған Әжелер кеңесі "Әжемнің ертегісі" проектісі негізінде Анаргүл Хаиржанқызы мен Айнұр Құрманбайқызының ұйымдастыруымен Алтынай әжеміз «Нұрай» балабақшасында кішкентай балапандарға ертегілер айтып берді.
Қаланың балабақшаларында əжелер алқасының мүшелері, кітапхана қызметкерлері балабақша бүлдіршіндеріне қазақ ертегілерін айтып,бүгін «Нұрай» балабақша бүлдіршіндері əжелердің айтуымен қазақ ертегілерін тыңдап, қариялардың ақыл-өсиеттерінен үлгі алды. Күнделікті тəрбиешінің, ата-анасының ғана емес, кимешек киген əжелердің айтуымен ертегілер арқылы баланың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру шарасы қаладағы барлық балабақшаларда жалғасын табатын болады.
Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан - ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, діні, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Біздің ата-баларымыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі - әлемде теңдесі жоқ тәрбие десек артық айтқандық емес. Баланың жастайынан ұлттық құндылықтарды дәріптеуінің, елімізді, туған жерімізді, дініміз бен тілімізді құрметтеуінің негізі осы ұлттық тәрбиенің негізінде жатыр. Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат тәрбиелеу үшін ұлттық құндылықтарымызды басшылыққа алу қажет. Оның маңыздылығы мен қажеттілігі зор.
Біз үшін еліміздің өркендеуі, ұлттық ерекшелігіміз бен ұлттық құндылықтарымызды сақтау – қымбат қазына. Қорыта айтқанда, қазіргі заманда бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін, алдымен, өзіміздің ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрді, мәдениетімізді сақтай отырып, келешек ұрпақты сол арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеуіміз керек.
Салауатты да саналы ұрпақ қамын ойлар болсақ, сол қоғам иелерін жан-жақты, ақыл парасаты мол, ізетті, кішіпейіл, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу – ұстаздың, әрбір ата-ананың қоғам алдындағы борышы деп білеміз.