Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Нұрай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад" Нурай" города Кокшетау при отделе образования по городу  Кокшетау управления образования Акмолинской области

СоцСети

 

    https://www.instagram.com/p/CH-LQDIluAV9w3OylwDOOSULiyWrfpqYoRR1pE0/?igshid=102me25j5nfwh

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы МКҚК қазақ тілі /орыс тілді топтарда/ бос лауазымдық орынға аптасына 12 сағат 0,5 ставкаға конкурс жариялайды

02.09.2024

1. Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Нұрай»  балабақшасы МКҚК қазақ тілі /орыс тілді топтарда/ бос лауазымдық орынға аптасына 12 сағат 0,5 ставкаға конкурс жариялайды, мекен-жайы Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Боровской м/а 62, 020000, 8716-2-77-21-30, nurai6_2011mail.ru, nurai6_2024@mail.kz 

2. Лауазымдық міндеттері: Лауазымдық міндеттері:

      оқытылатын тілдің ерекшелігін ескере отырып, балаларды оқытуды жоспарлайды және ұйымдастырады;

      қазақ, орыс тілдерін меңгеру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізеді;

      мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, олардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді;

      оқытудың түрлі формаларын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын сауатты қолданады, инновациялық технологияларды меңгерген;

      жоспарлауға ғылыми-әдістемелік тәсілді жүзеге асырады, дамытушы оқытуға орната отырып, сабақтарға бағдарламалық материалды пысықтайды және түзете алады;

      бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;

      әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, білім беру ұйымдарында балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады, кәсіби құзыреттілікті арттырады;

      тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жауап береді.

Еңбек ақы мөлшері: 95600тг ден 125500тг дейін, еңбек өтіліне байланысты.

3. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе арнайы кәсіптік педагогикалық білім.

4. Құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 02 қыркүйегінен конкурс жарияланған күннің соңғы күнінен бастап, жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.

5. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) нысан бойынша педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

      Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Осы көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады

6. Бос лауазымдық орын 2024ж.02 қыркүйегінен басталады.

Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттар құжаттарының Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.

Просмотров: 2090


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ашық бюджет

Текст