https://www.instagram.com/p/CH-LQDIluAV9w3OylwDOOSULiyWrfpqYoRR1pE0/?igshid=102me25j5nfwh
Тұмау және ЖРВИ клиникасы, емі, алдын алу шаралары
Тұмау мен жедел респираторлы вирусты жұқпалары біздің еліміздегі денсаулық сақтау
саласының ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады: олардың үлесіне барлық жұқпалы аурулардың 90%-ы тиесілі.
Тұмау – жалпы улану мен жоғары тыныс алу жолдарының зақымдануымен байқалатын, вирустық этиологияның тыныс алу органдарының жедел ауруы. Тұмау ауа-тамшылық жұқпа болып табылады. Оның пайда болуына А, В және С вирус түрлері себеп болады. Бірақ, тек қана А және В вирустары эпидемияның пайда болуына септігін тигізеді.
Жедел респираторлы вирусты жұқпаларды парагрипп вирустары, РС, аденовирусы, риновирусы, реовирусы және т.б., 200-ден астам қоздырғыштар тудырады.
Тұмау инфекциясының көзі болып тек қана науқас адам бола алады, аурудың бастапқы күндерінде жөтелу мен түшкіру кезінде сыртқы ортаға вирустар бөлінеді. Тұмау вирустары әрқашан тұрғындар ортасында айналымда болады. Аурудың көп саны қысқы уақытта орын алады. Осымен қатар, әр 1-2 жыл сайын тұмаудың эпидемиялық таралуы пайда болады. Тұмау вирусы аса қауіпті.
Балаларда болатын тұмау түрлерінің клиникалық сипаттамасы.
Тұмаудың жеңіл түрінде, дене температурасы субферильді немесе қалыпты, улану белгілері дұрыс білінбейді. Нәрестеде тек қана аз мөлшерде катаральдық құбылыстар болуы мүмкін. Орташа түрінде, тұмаулық улану белгілері айқалады (тоңып дірілдеу, бас ауруы, бұлшық еттің және буындардың ауруы), дене температурасы 39,5 С-ге дейін көтеріледі. Круп синдромының, абдоминальдық синдромның дамуы мүмкін.
Ауыр түрінде, улану белгілері басым байқалады (естің бұзылуы, сандырақтау, елестер, тырысу), дене
температурасы 40-40.5 С-ге дейін көтеріледі, жүрек-тамыр қызметінің бұзылуы және т.б. орын алады.
Тұмаумен және жедел респираторлы вирусты жұқпалармен ауыратын балаларды ауруханаға жатқызу клиникалық, эпидемиологиялық және әлеуметтік көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады.
Клиникалық
көрсеткіштер:
1. Аурудың ауыр түрлері.
2. Тұмаудың асқынуы.
3. Аурудың күрделілігіне
қарамастан жаңа туған нәрестелер және бір жасқа дейінгі балаларды ауруханаға
жатқызған жөн.
Үлкендерге қарағанда, балаларда
(3 жасқа дейінгі) гипертермия ауыр жағдайда өтеді, кейде тырысу болуы мүмкін.
Ата-аналарға не істеу
керек?
1. Нәрестені төсек орынына
жатқызып, жанұяның басқа мүшелерінен .
оқшаулау қажет.
2. Дәрігерді шақыру керек.
3. Егер де нәресте қатты
терлейтін болса, оны сүлгімен құрғатып, төсек орынын жиі ауыстырып отыру қажет.
4. Егер ауру қалтыраудан
басталса, баланы жақсы орау керек, нәрестеге тәтті шәй беріп, жылытқыны аяғына
қою керек.
5. Дене температурасының 38
С-ден асқаны жағдайында ыстығын басатын дәрілер беру керек:
- парацетомол, эффералган және
цефекон балауызын, ибуфен және т.б. жасына сай мөлшерде;
- суытудың табиғи әдістері:
«қызыл» қалтырауда спирттік ерітіндімен ысқылау, «боз» қалтырауда (инфекциялық
улану есеңгіреудің бір көрініс)-қарқынды терапия.
- балаларға ацетилсалицилдық
қышқылды қабылдауға болмайды.
6. Осы кезеңде шәй, морс, жеміс
шырындары түріндегі сұйықтың жеткілікті көлемін беру қажет.